КОМСОМОЛДЫҢ ШАЛДАРЫ «СССР-дің елесін» аңсап жүр ме?

Алматыда салтанатты жағдайда өткен комсомолдың 100 жылдығына арналған форум көпшілік қазақтардың зығырданын туғызды. Құрдымға кеткен советтік империяның «елесін» аңсаған бұрынғы комсомол – қазіргі шалдардың жиынына қатысты Жалпыұлттық социал-демократиялық партия арнайы мәлімдеме қабылдады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің идеологиясын жүйелі түрде жүзеге асыру қажеттігі туралы» құжатта социал-демократтар «комсомолдың 100 жылдығына арналған салтанатты іс-шара жастық шағын еске алғысы келген адамдардың құқығынан да өзекті мәселелерді қозғап отыр» деп мәлімдейді.

Мәлімдеме мәтініне қарағанда, «салтанатты жиынға бірқатар жоғары лауазымды тұлғалар қатысып, мемлекеттік рәміздер мен Қазақстан Республикасының әскери қызметкерлері де көзге түскеніне» алаңдаушылық танытылады.

Республикасының әскери қызметкерлері де көзге түскеніне» алаңдаушылық танытылады.

«Біздің елімізде қоғамдық ғимараттарда жиналыс өткізу үшін ең қатаң «рұқсат беру» процедурасын ескерсек, іс-шараның Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтуі – биліктің қазақстандық комсомол фунционерлерін құрметтеп, қолдайтынының дәлелі деп санаймыз. Ал «комсомол съезінің» еліміздің мәдени орталығында өтуі – идеологияның жүзеге аспауының дәлелі болып отыр», – дейді ЖСДП өз мәлімдемесінде.

Бұл жағдай Ресейдің «КСРО елесін» қайта тірілту кезеңінде сыртқы саясаттың біздің экономикаға антиресейлік санкциялармен ұлттық валютаға тікелей әсер ететіндігі алаңдатады.

«Бізге бөтен конъюнктуралық идеологияны қойып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің айқын, принципті идеологиясын дәйекті түрде жүзеге асырудың уақыты келді. ЖСДП билік пен оның өкілдерінен фантомды Кеңестік идеялармен ойнауын тоқтатуды талап етеді. Кеңес идеологиясы өткен уақыттағы көптеген қайғы-қасірет әкеліп қана қоймай, бүгінгі күні жаңа қауіптер көзі болып табылады» – деп жазылған мәлімдеме мәтінінде.

(медиа-проект «DAT» №38 (450) от 25 октября 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн