Тоқаев Челахты АҚТАУЫ ТИІС

Әйгілі Арқанкерген шекара заставасында сарбаздар мен қорықшыны атып тастаған деп айыпталып, өмір бойына түрмеге отырғызылған Челах көршіміз еді. Атасы Володямен бір подъезде тұрамыз. Владислав кішкентайынан көз алдымызда өскен. Онымен бірге доп, асық ойнайтынбыз, жақсы дос болдық. Мінезі ашық-тын.

Заставадағы қанды оқиға кезінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайда ресми сапармен жүрді. Соңда берген сұхбатында: «Бір шекарашы ұсталды, бәріне сол кінәлі» – деп айтып салды. Полиция, прокуратура, құқық қорғау органдары осыдан кейін бар кінәні Челахқа артты.

Америка арнайы қызметінің барлаушы спутнигімен әуеден түсірген болжамы бойынша, қанды қырғынды жасаған қытайлық азаматтар екені анықталды. Біздің елдің арнайы қызметі бұдан хабардар. Қытайлар осы жерден дәрілік шөптер алып, наркотиктер өткізіп, ойларына келгенін істеп жүрген. Осы іс-әрекеттеріне Арқанкерген заставасы кедергі болған дейді. Содан барып, қысықкөздер осындай аяусыз қантөгіске барды.

Ойлаңыздаршы, бір адам бір сәтте 20-ға жуық адамды қалай қырып салады? Олай болуы мүмкін емес. Олар бәрін Челахқа жабу үшін, оңы әдейі өлтірмей, тірі қалдырған. Олай болса, Челах қылмыскер, кінәлі емес. Жаңа президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы аталған жайттарды ескере келіп, Челахқа амнистия жариялап, түрмеден босатуы керек. Басқа жол жоқ.

Дархан УӘЛИЕВ

Республиканский еженедельник онлайн