ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ ҚАУІП ТӨНДІ!

Ресей үкіметі Еуразиялық экономикалық одақ елдерін (Армения, Беларусь, Қазақстан және Ресейдің өзі) АҚШ-қа қарсы айдап салу саясатын бастады.

Кремльдің талабы бойынша, одақтас елдер АҚШ-тың Ресейге салған санкцияларына бірлесіп қарсы тұру механизмін қалыптастыруы керек екен. Бұл – Ресейдің империялық-агрессиялық сұрқия саясатын қостауға және АШҚ пен Еуроодақ елдеріне қарсы тұруға тәуелсіз елдерді мәжбүрлеу деген сөз. Сөзіміз дәлелді болу үшін, ТАСС таратқан ақпаратты қаз-қалпында жариялап отырмыз:

«В правительстве РФ уверены, что ЕАЭС найдет эффективные механизмы защиты от антироссийских санкций, которые сказываются и на других участниках объединения, передает ТАСС.
Первый замглавы аппарата Кабмина РФ Сергей Приходько сообщил, что «было дано поручение изучить мировую практику применения коллективных ответных мер на действия третьей стороны».

«На предстоящей встрече в Минске (заседание Евразийского межправительственного совета состоялось 27 ноября – Ред.) будет рассмотрен подготовленный комиссией доклад. На его основе продолжится проработка наиболее эффективных механизмов защиты от санкций и минимизации их последствий», – проинформировал чиновник. По его словам, «в качестве первоочередного конкретного шага российская сторона предлагает выработать порядок применения статьи 40 Договора о ЕврАзЭС «Ответные меры в отношении третьей стороны».

Данная статья гласит, что предусмотрена возможность применения ответных мер, в том числе через повышение уровня ставок импортных таможенных пошлин, введение количественных ограничений или временного приостановления предоставления преференций. В документе также указывается, что «страны-члены вправе в одностороннем порядке применять в качестве ответных мер повышенные по сравнению с единым таможенным тарифом ЕАЭС ставки импортных таможенных пошлин, а также в одностороннем порядке приостанавливать предоставление тарифных преференций».

Осы хабардағы «ответные меры» деген тіркестің талабы жүзеге асатын болса, Ресей мен АҚШ текетіресіне Қазақстан да қосылуға мәжбүр болады. Әлбетте, мұндай жағдайда Америка тарапынан да «ответные меры» болады: саяси-экономикалық санкциялар Қазақстанға да салынады. Ал бұдан кейін әлемде басқа панасы қалмаған еліміз Ресейдің аю тырнақты құшағына бас тығудан басқа амал таппайды. Бұның соңы Қазақстанды тәуелсіздігінен таза айырылуға тап қылуы әбден мүмкін.

Айтпақшы, соңғы уақытта Қазақстанға мұндай қатердің төне бастағаны туралы әлеуметтік желілерде жиі жазыла бастады. Жуықта белгілі саясаткер Мұхтар Тайжан өзінің «Фейсбутегі» парақшасына былай деп жазған еді (қаз-қалпында):

«Из достоверных источников я получил информацию, что 6 декабря на саммите ЕАЭС в Санкт-Петербурге готовится к подписанию документ, расширяющий интеграцию и единую политику с экономической на другие сферы: культуры, туризма, спорта, информации, политики в интернете, образование, науку, а также медицину. Мы считаем это недопустимым, так как лишит Казахстан реальной независимости! Требуем отменить подписание подобных документов!».

Әлемде қырғи-қабақ соғыс отын тұтатқан Ресейдің біржақты өктемдігіне Қазақстан билігі қандай жауап қайырады? Ел тәуелсіздігіне солтүстіктен төнген қатерге қарсы қандай қайла бар?
Әзірге ТАСС таратқан хабарға Ақорда тарапынан жауап қайырылған жоқ. Тым құрығанда, Сыртқы істер министрлігі де буған аузын аша алмай отыр… Петербор пәтуасында не айтылар екен – күте тұрайық.

Ермұрат БАПИ

Республиканский еженедельник онлайн