«ҚАРА ҚЫТАЙ ҚАПТАЙТЫН»

ВИЗАСЫЗ РЕЖИМГЕ КӨНБЕЙМІЗ!

  • ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ермұрат Бапи мырзаға!
  • «Сізге осы жан айқайымызды жаза отырып, халқымыздың басына төнгелі тұрған қасіретті тоқтатуға күш салуыңызды сұраймыз!» деген талаппен депутаттың поштасына келіп түскен мәлімдемені қаз-қалпында жариялап отырмыз.

Батыр бабаларымыз қарыс жерін жау табанына таптатпай, сан шайқастарда жандарын пида етіп, қорғап, ұрпағы – біздерге мұра, мирас, аманат етіп қалдырған, баға жетпес қазына байлығымыз – киелі жерімізге, қасиетті Отанымызға тікелей қауіп төнгелі тұр! Отыз жыл бойы диктатор Н. Назарбаев халқымызды құлдықта ұстап, бар байлығын ұрлап, тонап, шетелдерге сатып, қара басының ғана қамын ойлаған жемқорлық пен ашкөздіктің, тойымсыздықтың ордасы етті. Халқымызды рухани құлдыратты, асты-үсті табиғи байлыққа толы жеріміздің ту-талақайын шығарып сатты, шетелдіктердің иелігіне берді.

Әлемді қайта бөліске салуды көздеген екі жағымыздағы алпауыт көршілеріміз – Қытай мен Ресей түрлі саяси ойындар арқылы қитұрқылық жасап, жерімізге иелік етуге ашық кірісуде. Тойымсыз Нұрсұлтан Назарбаев жасырын келісімшарттар жасау арқылы Қытайдан миллиардтаған доллар қарыз алып, өтеуіне «жерімізді ұзақ жылдарға жалға беруге астыртын келісім жасасқан» деген сөз, міне, шындыққа айналуда.

Біздер, ұлт патриоттары – осы туған жеріміздің, еліміздің иесіміз! Қытайлықтарды рұхсатсыз, шектеусіз (безвиза) кіргізуге келісім беру деген сөз – төрт-бес жылда Қазақстанды толық қытайландыру деп санаймыз. Басқадай оны түсіндірудің де, түсіндіріп әуре болудың да қажеті жоқ! Тура солай болғалы тұр! Бұл – қазақ халқының басына төнген ұлы қасірет, нәубет, ұлтымызды жоюдың тікелей амалы. Біз бұл сұрқия сұмдыққа ешқашан жол бермейміз!

Қытайдың ол жақтағы қандастарымызға қарсы жасап жатқан қанқұйлы, қатыгез жауыздығы бүкіл әлемнің жағасын ұстатуда. Соған қарсы құтқару амалдарын жасап, қандас бауырларымызды елге қайтарудың әрекетің жасаудың орнына, шырқырап жатқан бауырларымыздың қорлығына жайбарақат қарап, жол берудің астарында осындай саяси сұрқиялықтың айла-шарғы, қитұрқы амал-айласы ма екен?

Қалай болғанда да, Қытайдың залымдық пен зұлымдықты сан ғасырлар бойы қолданып келген, мысықтабандап ішке кіру әдісі арқылы айдаһарша жұту, зұлымдық, залымдық саясатына көнбейміз! Бүкіл халықты көтеріп, қарсы тұруға кірісеміз! Киелі жерімізді бүгін Қытайға беріп тірі жүргенше, алысып, арпалысып, қан төгіп өлуге даярмыз!

Қытайдан алған, мемлекетімізді қарызға белшесінен батырған, НӘН-нің ұрлап-жырғап, шетелдік банктерге тыққан, арамзалықпен сатып алып, бауырына басып, иеленіп отырған, шетелдердегі сансыз ғимараттарын алуға жұмсаған халықтың қазына байлығы түгел қайтарылсын! Ұрлаған миллиардтаған қаржысын Қытайға беріп, қарызын өтесін!

Ата-бабамыздың қаны сіңген киелі жерімізді Қытайға беру өліммен тең! Бұған келісім беріп, мемлекетаралық, экономикалық, саяси, т.б. деп жұмсартып басу айту –опасыздық! Ұлтқа, халыққа осы жердің иесі – қазақтарға жасалған сатқындық!

Біздің бұл жанайқайымыз – Сіздің де және сол мәртебелі орында отырып, халық тағдырын шешкелі отырған мырзалардың да кезек күттірмейтін мәселесі. Алла Тағала алдында, ата-баба әруағы алдында күнаһар болудан, ұрпағымызды бодандыққа байлап, құл мен күң етуге мәжбүрлеп, жер бетінен мүлдем жоятын сұрқия келісімді тоқтатуды талап етеміз!

Отыз жыл бойы халқымызды аяусыз тонаған Н.Назарбаевтың 87 (сексен жеті) триллион теңгесі (200 млрд АҚШ доллары) кері қайтарылып, астыртын алынған Қытай қарыздары өтелсін! Қытай мен Ресейдің ымыраласқан зымиян саясатына бас шұлғып, жалтақтаған біздің ел басшылары енді Қытайдың экспансиясына жолды айқара ашпақшы. Рұқсатсыз – визасыз, емін-еркін кіріп-шығып, тайраңдатуға келісімге келу –Отанымызға ойран салу, Тәуелсіздігіміздің тамырына балта шабу, ұлтымызды жоюдың ашық айласы. Он миллион қытай жерімізге кірер болса, он жылда қазақтың түгін де қалдырмайды. Біздер бұған өлсек те жол бергізбейміз, қара қытайды қаптатпаймыз! Бар қазақты осыған шақырамыз! Айдаһарға жұтылып, қор болып, ертең өлгенше, ар-намысымызды қорғап, арпалысып бүгін өлейік!

Егер бұған жол берілер болса, ең бірінші кінәлілер – биліктегі сатқындар мен екіжүзді арсыздар болары хақ! Өз халқын бөтеннің табанына таптату – Құдайдың наласына, халықтың қарғысына қалу! Осыған бүгінгі тірі жүрген бәріміздің ар-намыс пен күш-қайратты қару етіп, қарсы тұруымыз – перзенттік парызымыз, адамдық борышымыз! Қазақтарды «тобыр» санап, қорлап өткен кешегі Н.Назарбаевтың бүгінгі құйыршық-кландарымен енді ашық айқасқа шығуға қазақтың қанынан жаралған әрбір азаматы даяр!

Құрметті ел қорғаны, халық қалаулысы Ермұрат Бапи мырза!

Сізге осы жанайқай хатымызды арнайы жолдап отырмыз! Кезек күттірмес мәселені Парламентте шұғыл көтеріп, қытайлықтардың Қазақстанға визасыз кіруіне тоқтау салуға Сіздерді шақырамыз және талап етеміз! Талабымыз орындалмаған жағдайда митингіге шығып, мәселені шешеміз!

  • Сізге зор сеніммен, қазақтың ұлтшыл патриоттары:

1. Абдуллаев Худайшукур Рахматович

2. Лепесов Сайлау Біртайұлы

3. Мұхаметжанова Анар Қадылбекқызы

4. Күргенбаева Күміс Әбдіқалымқызы       

5.Шамшабаева Сагила Жамалдиновна

6. Кемелбаев Нурслан Откенович

7. Маликов Дәулет Амангелдіұлы

8. Кудабаева Гульмира Битимбаевна

9. Атинбаев Бауыржан Женисович

10. Оспанов Мурат Кудайбергенович

11. Айтпаев Марат Төлегенұлы

12. Караулова Кульжахан Ибинжанқызы

13. Қанжекенова Биғайша Ахметқалиқызы

14. Абишев Ерик Болатбекович

15. Маметова Ляйла Курманбаева

16. Бурабаева Жамила Нурмаханбетовна

19.Тохтабубу Ауесханова

20. Катекеев Дамир Едилович

21. Мулдахужаев Муратбек Уристемович

22. Оңалбаев Асет Борантаевич

23. Кенженова Агила Каратаевна

24. Жүніс Гүлбахрам

25. Сулеймен Жанаділ Мұханұлы

26.Сазанбаева Хиуаз Рахымбайқызы

27. Оразбаев Айтқазы Қабдуәли-ұлы

28. Бакыриев Алимжан Аббасович

29. Жұмағазиев Самиғолла Ибатұлы

30. Ауельбекова Гульнара Алайдаровна

31. Толысбаев Орынбасар Избасарович

32. Хамзина Салтанат Бахытжановна

33. Әуелбек Шонжан Назарқасымұлы

34. Қазақпаев Серік Төкенұлы

35. Қайырбаев Санат Сатыбалдыұлы

36. Нүкен Бейсенғазы Сәдуұлы

37. Мұхаметжанова Жанар Қадылбекқызы

38. Ысқақов Қайрат Болатұлы

39. Байғалиев Құмарғали

40. Әлімбаев Қаршыға

41. Ермекбаев Жұмадиллә

42. Мұхамеджанов Әділбек Қадылбекұлы

43.Лепесова Қымбат Сайлауқызы

44. Кургенбаева Динара Ерланқызы

45. Нұрпейісов Теміржан

46. Мәкенова Айсұлу

47. Қобанов Нұрлан Қалиұлы

48. Алдабаев Тілеген Ережепұлы

49. Сатыпалды Дәурен

50. Лепесова Жанар Сайлауқызы

51. Супбаев Асатулла Мусалиевич

52. Зейтов Аманғазы Зейноллаұлы

53. Талғат Айтбайұлы

54. Габдуллина Майра Сагатовна

55. Аккузин Бауржан Кумарович

56. Кенжабаева Феруза Асабаевна

57. Акан Айдар

58. Бекбаева Зульфия Бактыбаевна

59. Акиргалиева Уркия Султановна

60. Шойбеков Жахан Сеиткулович

61. Макатаев Бакдаулет Талгатбекович

62. Алиева Шахзада Тажидиновна

63. Айтжанок Серик Асылбекович

64. Ерманова Кулаш Темірханқызы

65. Савденов Ергали Забиалханович

66. Тасмакова Гулжаухар

67. Ускібаев Сәби Серікұлы

68. Төкен Ерболат

69. Садықов Дәурен Дүйсенғазиевич

70. Шабданова Гулнур Орынгазыев

71. Кеңесхан Ақерке Маралқызы

72. Шегебекұлы Нуртай

73. Абдиев Конай Садыкович

74. Татаев Нурлыбай Калдыбайулы

75. Абдурахманов Асқар Агаманович

76. Мұқаметжан Сәбит Маймақұлы

77. Мукашев Ернар Токтарбаевич

78. Жармұхамедұлы Даурен

79. Мамырбай Орыс

80. Хуаныш Досжан

81. Джусамбаев Тимур

82. Зинченко Сергей Сергеевич

83. Гульжиян Маликовна Рыспаева

84. Кетебаева Жумабике Сабировна

85. Проценко Зинаида Георгиевна

86. Жайсанов Қуат Жарылқасынұлы

87. Жарылғапов Ығлым Жумабергенович

88. Каиров Нух Галимович

89. Кулбаев Ергали Нариманович

90. Капанов Мейрамбек Унурбекович

91. Бекжанов Газиз Капезович

92. Терликбаев Ержан

93. Ошанбеков Нұржан

94. Иргебаев Сәкен

95. Сарыбасова Айсулу Айтмухамедовна

96. Абдуллаев Джурабай Рахматович

97. Әбіл Дәнияр Қасымұлы

98. Бақытжан Аннасқызы

99. Бишуннов Мирболат Мырзатаевич

100. Отаршиев Жармуханбет Есиркепович

101. Мейірхан Абдыманапов Сапақұлы

102. Камалхан Қамбаров

103. Асылбек Қараев

104. Сарсембаев Сунғат Тулегенович

105. Манапов Ержан Исрайлович

106. Дүйсебаев Мақсат Орынбекович

107. Тюлеубаев Нағысқан Кажинович

108. Орынғалиев Ережолла Садырович

109. Әсен Жазира

110. Темірбекова Гулзатқан Жусупалиева

111. Бейсалиев Бекен

112. Қыстаубаев Айдын Нурматович

113. Лепесова Анар Сайлауқызы

114. Джандаралиева Гульбаршин Акылбековна

115. Қыстаубаев Айдар

116. Беркутова Гульнур Орынбаевна

117. Диханчиев Жолдыбек Аманкулович

118. Қабылқай Мұрат Қабылқайұлы

119. Жақан Айдынгүл

120. Жумагулов Алмат Асуұлы

121. Алякова Аня Тулеубековна

122. Ходенова Камшат Жуматаевна

123. Дүйсеқұлова Бибісара

124. Көпжасар Бөгенбай

125. Еспаев Талғат

126. Отаршиев Нұрлан Ермекович

127. Нургалиева Шолпан Калмакановна

128. Лепесова Шынар Сайлауқызы

129. Тойболдиева Кульмариям Молдабаевна

130. Шатемірқызы Ақмарал

Алматы қаласы,

15 мамыр, 2023 жыл

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн