Суббота , 12 июля 2025

ЖАНАШЫР БОЛАЙЫҚ!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №11 (282) от 19 мар­та 2015 г.

 

Жары­лқа­пқа

 

Енді­гі елге бел­гілі болған­дай, Қаза­қстанға кеңі­нен таны­мал «Жұл­ды­здар отба­сы» және «Аңыз адам» жур­нал­да­ры­ның бас редак­то­ры, бел­гілі жур­на­лист, қай­рат­кер аза­мат Жары­лқап Қалы­бай Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы пре­зи­дент­ті­гіне үміт­кер ретін­де өзін-өзі ұсын­ды. Осы орай­да ол кеше ғана интер­нет желісіне: «Ел ішін­де ұлты­ма, мем­ле­кеті­ме қалай қыз­мет етсем деп жүр­ген ұлт­жан­ды, мем­ле­кет­шіл, ойлы аза­мат­тар өте көп. Менің бұл сай­лау дода­сы­на қаты­су­дағы басты мақ­са­тым – осы мүм­кін­дік­ті пай­да­ла­нып, қара­пай­ым халы­қтың мұң-мұқта­жы мен талап-тіле­гін, сол ойлы аза­мат­тар­дың бүгін­гі қоғам­дағы қор­да­ла­нып қалған про­бле­ма­ларға көзқа­ра­сы мен оны шешу жол­да­рын, бола­шақта Қаза­қстан қан­дай ел болуы керек екенін, келе жатқан дағ­да­ры­сқа қалай қар­сы тұра­мыз, одан шығу жол­да­ры қан­дай деген ұсы­ныс-пікір­лерін билік­ке жет­кі­зу…» деп жазған еді.

Бұл – елін сүй­ген аза­мат­тың жұр­тқа құпи­я­сы жоқ ашық ниеті. Бірақ бүгін­гі елде қалып­тасқан жындыс­үрей заң­ды­лы­қтар оны бұл сай­ла­уда жеңім­паз етпе­сі – тағы да ашық ақиқат.

Бірақ «шешін­ген судан тай­ын­бас» деген нар­тәу­е­кел­ге бел буған аза­матқа нағыз тәу­ел­сіз Қаза­қстан басқа­ша болуы керек, әділет­тілік пен халы­қтық билік сал­та­нат құруы тиіс деген ағай­ын­дар жәр­дем жаса­уын сұрай­мын. Жары­лқап үшін 23 науры­зға дей­ін Қаза­қстан аумағын­дағы сай­ла­у­шы­лар­дың 93 мың қолын жинау қажет. Ал сол жындыс­үрей заң бел­гіле­ген мерзім өте тар, уақыт өте тығыз. Сон­ды­қтан әр облы­стың, аудан­ның, ауыл­дың ұлт­жан­ды аза­мат­та­рын қапы­лыс кезең­де қол жина­уға көмек ету­ге шақырамын.

Ермұрат БАПИ

 

Жары­лқап Қалы­бай­дың сай­лау алды шта­бы­на хабарласыңыздар:

[email protected], [email protected],

[email protected],

[email protected]

Теле­фон­дар:

8 702 682 35 31

8 701 757 74 66

8 705 133 25 25

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн