Ал түберкүлезді ҚАЙТЕМІЗ?

Өзінің сайлау науқанын басқалардан бұрын бастап кеткен Нұрсұлтан Назарбаев ҚР президент істерін басқару медициналық орталығының ашылу салтанатына қатысты.

«Бізге бүкіл Қазақстаннан, алыс және жақын шетелден келетін болады деп сенемін. Бізде осының өзінде бәрі бар», – деді Н. Назарбаев сәрсенбі күнгі салтанатта. Ол мемлекеттің қазақстандықтардың кәсіби емделуіне арналған барлық жағдайларды жасап отырғанын баса айтты.

«Жақсы ғимарат жасадық, ең заманауи күшті құрылғы құрдық, мұндағы диагностика өте жақсы», – деп толықтырды президент.

Кешен Қазақстан үшін жаңа жоба бойынша құрылған: мұнда меджәрдем көрсетудің барлық түрлері бар екеніне қарамастан, стационарлық және емханалық пациенттердің ағыны максимум бөлінген. Бөлімшелер медтехника өндірісі саласындағы озық көшбасшылардың құрылғыларымен жабдықталған.

Кешен құрамына бірегей диагностикалық блок және ядролық медицина бөлімшесі кіреді. Ғимарат пен оның инфрақұрылымының жұмысын қамтамасыз ететін негізгі жүйелердің мониторингі мен басқарылуы автоматтандырылған. Мекемеде жоғары білікті мамандар, соның ішінде медицина ғылымдарының 11 докторы мен 24 кандидаты жұмыс істейді. Дәрігерлердің жартысынан астамы жоғары санатқа ие.

Бұның бәрі, әрине, жақсы және мұндай орталық та қажет шығар. Бірақ Қазақстанда өлімге душар 80 мыңға жуық құрт ауруына (туберкулез) шалдыққан адамдарды қайтеміз? Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, Орталық Азия мен Қазақстан осы дерттің ошағына айналғанын ескерер болсақ, заманауи дәрежеде жабдықталған дәл осындай медорталық түберкүлез ауруын емдеу үшін де қажет болса керек.

Сырым ДАТОВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн