Кредиторлар алдындағы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (ҚТЖ) қарызы шамамен $6 млрд болып отыр, деп хабарлады директорлар кеңесінің төрағасы, компания директоры Нұрлан Байдаулетов.
«Бүгінгі таңда компанияның несиелік міндеттемелері 1 трлн тенгеден артып отыр – бұл шамамен 6 млрд (АҚШ доллары – ҚазТАГ). Бұл ретте оның 50%-дан астамы – шетелдік валютадағы қарыз міндеттемелері. Компанияның ағымдағы төлеуге жарамдық коэффициенті бірге жақын және алдағы болашақта ол 0,5 деңгейіне де төмендейді деп болжануда. Қазіргі таңда экономикалық қосылған құн көрсеткіші теріс болып отыр және алдағы 5 жылда ол жақсарады деп ойламаймын», – деді Н. Байдәулетов сейсенбіде ҚТЖ қызметінің стратегиялық нақты көрсеткіштерінің тізімін талқылау бойынша кеңейтілген жиналыста.
«Біз әлі күнге дейін ақшаны соңына дейін санап үйренбегенбіз. Бізде кеңес уақытында болған мәселе әлі күнге дейін өткеннің қалдығындай жүр», – деп санайды директорлар кеңесінің төрағасы.
«Телерадиокешен, мұз сарайы, жаңа темір жол вокзалы – бұл жобалар ірі капиталдық салымдарды қажет етеді және бұл ретте компанияға тиісті кіріс кіргізбей отыр», – деді ол.
«Нәтижесінде осындай көлемді қаржы маңызды жобаларға кетеді де, бізде тиімділікті арттыруға қаржы аз жұмсалады», – деп аяқтады сөзін Н.Байдәулетов тиімді жобалардың қалдық қағидасы бойынша қаржыландырылатынын еске салып.
ҚазТАГ