Суббота , 12 июля 2025

Ұлтты билеген ҮРЕЙ қайдан шықты?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №12 (283) от 26 мар­та 2015 г.

 

 Кезек­тен тыс пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға түсетін үміт­кер­ге қол жинау үстін­де 30-жыл­дар­дан бері келе жатқан ҚОРҚЫНЫШ пен ҮРЕЙ тағы да алды­мы­здан шықты.

 

24 жыл бойы адам құқы­ғы мен еркін­ді­гі билік құр­ған Қазақ елін­де­гі қол қою­дан бас тар­тқан адам­дар­дан: «Ме­нің балам әкім­дік­те жұмыс істей­тін еді», «Келінім депар­та­мент­ке жұмысқа тұрай­ын деп жатыр, кей­ін бір пәлесі тиіп кетіп жүрер», «Пре­зи­дент­ке қол қой­ып едік» деген сөз­дер­ді естіп, таң қал­дым. Әкім­дік­те жұмыс істей­тін адам­дар аза­мат­тық құқы­ғы­нан айры­лып, депар­та­мент­ке жұмысқа кіретін адам­дар сай­ла­у­ға түсетін адам­дар­ды таң­дай алмай­ды, ал бір үміт­кер­ге қол­дау жасаған адам екін­ші бір үміт­кер­дің сай­ы­сқа түсуіне қол­дау жасай алмай­ды деген­ді ешқа­шан естімеппін.

Бұл ҮРЕЙ – қай­дан кел­ген ҮРЕЙ! Қаны­мы­зда қалған жасқан­шақты­қтың дер­ті ме, әлде өресі бір қарыс жер­гілік­ті билік­тің «сая­си – идео­ло­ги­я­лық жұмы­сының» жемісі ме, неме­се қу тір­шілік­тің тезін­де­гі бей­са­я­сат жан­дар­дың «көл­еңкеден қорқу» ұста­ны­мы ма? Ондай елге, ондай халы­ққа сай­ла­удың қажеті не?! Азат елдің азат аза­мат­та­ры­ның бетіңе қарай алмай, мің­гір­леп, тұты­ғып тұрға­нын көр­ген­де, «Қазақ елі, қорқақ 30 елдің қата­ры­на қалай қосы­лып кет­тік» деп, өз халқы­ң­нан өзің жерінесің.

Дос КӨШІМ,

Abai.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн