Суббота , 12 июля 2025

Рухани сорлылыққа ДАУА ЖОҚ ПА?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №12 (283) от 26 мар­та 2015 г.

 

Аты­рау облы­сы­ның әкі­мі Б. Ізмұқан­бе­тов мыр­за­ға ашық хат

Құр­мет­ті

Інім БАҚТЫҚОЖА!

«ДАТ» газетінің 19 науры­здағы саны­нан Аты­рау қала­сы­ның тұрғы­ны мүге­дек Рау­ан ТҰРҒАНТАЙДЫҢ мақа­ла­сын оқып, жаным түр­шік­ті. Мақа­ла­ның маз­мұ­нын айт­пай-ақ қояй­ын, өйт­кені газет­ті көзіңіз анда-сан­да шалып жүр­се, Рау­ан­ның не жазға­ны­нан хабар­дар шығарсыз.

Мақа­ла «Мәди­на тура­лы кітап жазға­ным үшін қуда­ла­у­ға түстім» деп аталған. Халқы қадір­ле­ген әнші Мәди­на Ера­ли­е­ва­ның өнері жөнін­де біл­генін баян­даған, оның жеке өмірі тура­лы бір сөз айт­паған Рау­ан­ды сол кіта­бы үшін қуғын­дап жүр­ген­дер нет­кен руха­ни сор­лы­лар еді?! О баста өзіңіз қамқор­лық көр­сет­кен мүге­дек адам­ның содан кей­ін­гі тағ­ды­ры қалай болға­ны­на тезірек назар аудар­ма­саңыз, аппа­ра­ты­ңы­здағы әлдебір алба­сты оны жын­ды­ха­наға апарғы­зып таста­удан тай­ын­бас. Қолы­на қам­шы тисе, оны гүрзі­дей көріп шабы­на­тын шене­унік аз емес. Өзі­мен ұста­сып, ере­гесіп жүр­ген сап-сау ер ада­мға пен­де­шілік­пен қыса­стық жасау бір басқа да, әрі жазы­қ­сыз, әрі әйел, әрі мүге­дек ада­мға дой­ыр­лы­қ­пен күш көр­се­ту, көпе-көрі­неу қия­нат жасау – бір басқа, мұн­дай­ды барып тұрған арсыздық деп білем және осы ойы­ма Сіз­ден төрелік күтемін.

Сөз ыңғай­ы­на орай айта оты­рай­ын: «ДАТ» газеті­нен қашан­да шошы­на шала бүлі­нетін, бұл газет Қаза­қстан­ның мем­ле­кетін де, шека­ра­сын да жоқ қылу­ды көз­дей­тін пәле­кет­тей көретін шене­унік көп. Алай­да сыпы­ра­мақтан мен көбік сөзді өтірік­тен күн­діз аузы боса­май­тын сол көп шене­унік­тің көп­шілі­гі газет­ті түн­де не үйін­де, не сая­жай­ын­да оңа­ша­ла­нып оқып, уақ-уақ басын шай­қап, жымы­ң­дап, тіп­ті қарқыл­дап күліп оты­ра­ды екен. «Үй сыр­тын­да адам бар» ғой, солар­дан естіп жүрмін.

Сіздің төңіре­гіңіз­де, құр­мет­ті Әкім мыр­за, ондай­лар аз деп, жөні түзу біре­уі Рау­ан Тұрған­тай­дың тауқы­метін Сіз­ге біл­дір­ген болар деп ойлай­мын. Әйте­уір, қалай болған­да да, бірін­ші кезек­те мүге­дек жан­ның хал-аху­а­лын дұры­ста­уды ойла­сты­рғай­сыз, ал менің бұл хаты­ма осы газет арқы­лы жау­ап қай­та­ру-қай­тар­мау еркіңіз­де – жоға­ры-төмен­де­гі үлкен-кіші шене­унік ата­улы­ның қай­сысы­на хат жаз­сам да, жау­ап кел­мей­тініне көзім жет­келі қашан!

Сау-сәле­мет болы­ңыз! Үшбу хат иесі –

Ғаб­бас ҚАБЫШҰЛЫ,

жур­нал­шы-жазу­шы,

Алма­ты қаласы

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн