Суббота , 12 июля 2025

КАНН БОЛМАСА, Әділханды білмей КЕТЕДІ ЕКЕНБІЗ

Бәре­кел­ді!

 

Қаза­қста­нық режис­сер Әділ­хан Ержа­но­втың «Үй иелері» филь­мі халы­қа­ра­лық Канн кино­фе­сти­валін­де «Арнайы көр­сетілім» сек­ци­я­сы бой­ын­ша дебют­тық қадам жасады.

Ал сарап­шы­лар фильм­ді интел­лек­ту­ал­дық дең­гейі өте жоға­ры, сапа­лы әрі көр­кем туын­ды­лар қата­ры­на жатқы­зған. Ал Батыс кино­кри­тиктері қаза­қстан­дық режис­сер­дің бұл туындыс­ын «Жақ­сы» деп баға­лап, Каф­ка мен Кари­усмя­кидің қол­таң­ба­ла­рын сезін­ген­ді­гін білдірген.

Сосын да сарап­шы­лар қаза­қстан­дық жас режис­сер­дің бұл туындыс­ын биы­лғы «Кан­ның жаңа­лы­ғы» деп баға­лап, фильм­ді «қара юмор» жан­ры­на жатқызған.

Бәл­кім, «Кан­ның жаңа­лы­ғы» болуға зал­дың, аны­ғы, көп-көп көре­рмен­нің ыстық ықы­ла­сы себеп бол­ды ма екен: Канн фести­валін­де­гі көр­сетілім­нен соң, көре­рмен­дер 5 минут бойы қол соғу­мен болған деседі.

Мұн­дай­да қалай бөр­кіңді аспанға атып қуан­басқа?! Оның үстіне бұл фильм­нің көтер­ген тақы­ры­бы да қай­ма­на қаза­қтың қай­сы­бір бүй­ірін­де оты­рған үй мәсе­лесі екенін ескер­сек, баты­стың ішке бүк­пей, бас бар­мақ көте­руінің де реті бар-ақ!

Ал біз­де Кан­нан бұрын бұл фильм­ді, кәне, қаза­қтың естіп-біл­гені? Әлде «қол­да бар­да алтын­ның қадірі жоқ» деген­нің өзі осы болға­ны ма?!

 

Топ­та­ма­ны дай­ын­даған – Төлеу ТҰРМАН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн