Әттең деші!
Күрзі жұдырықты, алғашқы орта салмақта WBA Fedecaribe атағының иегері қазақстандық боксшы Қанат Ислам колумбиялық Орландо де Хесус Эстрадамен жекпе-жегінде өзінің атағын сақтап қалды.
Бұл ұрыс Қанат үшін кәсіби рингтегі 19-кездесуі болатын. Шыққаннан қарсыласын қақпақылдатып, бұрыштан бұрышқа тыққан бокысшымыз жекпе-жекті төртінші раундтан асырмады. Осылайша қазақстандық боксшы өзінің мансабында 16-рет мерзімінен бұрын жеңіске қол жеткізді.
Мұндайда Қанат батырдың қолы жеткенін қарқ болып айтамыз-ау: әттең, осындай оғылан ұлдарға қолы жетпей жүрген елдің қатары қанша екен, сірә?!
Бұлай айтуымыздың да өз алабөтен себебі бар: былайғы жұрттың пікірінше, бұл кезекті кездесулердің аты бар да, заты жоқ сияқты. Яғни, бұндай ұсақ-түйек кездесулер жерлесіміздің алтын уақытын рәсуә ететіні де айтылып жүр. Оны осы жолғы ұрыстан да оп-оңай байқауға болады: жерлесіміз колумбиялық боксшыны төрт раунд бойы төрт бұрышқа тығып жүріп сабады емес пе?!
Себеп қайда?
Себеп мынада деседі: боксшымыздың әр жолғы жеңісіне сүйінетін жан көп те, оның шаршы алаңға дейін кез болар қым-қуыт қиыншылығын шешер «шебер» мен шенеуніктің қатары тым-тым сирек көрінеді. Сосын да «жалғыздығынан» шаңы шықпай, әлемдік аренада үнемі әлсіздерге тап болады екен…
Әттең деші?!