Суббота , 12 июля 2025

ӨЗІ БОЛҒАН ҚЫЗ… әпкесін танымай кетті…

Екі мінез

 

  • Жуыр­да «Кеш You» тобы­ның бұры­нғы әншісі, сән­гер Айда­на Меде­но­ва «FM», «Indigo» топ­та­ры­ның про­дю­сері Әлі­шер Нұр­жа­но­вқа тұр­мысқа шықты.

Не керек, әншінің той­ы­на әншей­ін­гі әдеті­мен, әуел­гі «дәстүрі­мен» қазақ эст­ра­да­сы­ның біраз жұл­ды­зда­ры құт­ты­қтай кел­ген. Олар­дың ішін­де Әли Оқа­пов, Жания Джу­рин­ская, Бақыт­жан Жел­дер­ба­ев, Сей­фул­лин Жол­ба­рыс сын­ды әріп­те­стерінің оры­ны бөлек­тей көрінеді.

Ең қызы­ғы – Айда­на ұза­туға да, үйле­ну той­ы­на да өзінің бұры­нғы про­дю­сері Баян Есен­та­е­ва­ны шақыр­маған. Тіп­ті әле­умет­тік желіні қол­да­ну­шы­лар тара­пы­нан Баян-сұлуға: «неге шақыр­ма­ды?», ал Айда­на қалы­ң­ды­ққа: «неге шақыр­ма­дың?» деген сұрақтар түй­дек-түй­дек жаууда.

Оған Баян Есен­та­е­ва: «Маған шақы­ру билеті екін­ші біреу арқы­лы жіберіліп­ті… Айда­на тіп­ті маған «смс» жазуға да уақыт тап­паған екен…» – деп, рені­шін біл­дір­ген екен. Несі бар, орын­ды өкпе: өнер­дің өріне сүй­реп әкел­ген ада­мың той­ы­на шақы­руын алып, өзі келу­ге жара­ма­са, өкпе­ле­мей көр! Бұл рет­те Баян­ның мінез көр­се­туі дұп-дұрыс: «Өзі болған қыз төр­кінін таны­мас» дей­ді қазақ…

Деген­мен, желі­де­гі жазғы­штар­дың «Әнші қызы­на бақ тіле­се нет­ті?!» деп, сөгет­тік біл­діруі де жөн сияқты. Бірақ бұған Баян-сұлу емес, жас күй­еу Әлі­шер­дің өзі бірін­ші кезек­те кінәлі бол­са керек.

Себеп?

Себеп сол – Әлі­шер­дей супер-күй­еу үшін Баян-ханым – бәсе­ке­лес: еке­уі де про­дю­сер, еке­уінің шәкірт­тері – сахна­да бақталас.

Басқа гәп­ті кім айтады?

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн