Воскресенье , 13 июля 2025

Ойда да – саясат, тойда да – саясат

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №12 (283) от 26 мар­та 2015 г.

 

 Ойдан-қыр­дан

Мұны­сы қалай?

 

!Наурыз айын­да қоста­най­лық Сүн­дет­ба­ев­тар – Әсет пен Анар­ды елба­сы үйле­ну той­ы­мен құт­ты­қта­ды. Назар­ба­ев­тың құт­ты­қтау хатын облыс әкі­мі Нұра­лы Сәду­ақа­сов жет­кізіп, той үстін­де оқып бер­ді. Бұған себеп – той иесі Әсет пре­зи­дент­ті өз той­ы­на арнайы шақы­рған көрінеді.

Несі бар, елдің басы «шақы­рған­нан қал­май­тын» қаза­қтың қал­пын бұз­ды – кел­меді деме­сеңіз, арнайы құт­ты­қтаған ғой. Сүн­дет­ба­ев­тар әулетін­де ақ некенің үстіне елба­сы­ның нұры төгіліп, «нұр үстіне нұр» болды.

Әрине, бұн­дай тосын сый­ға бір ғана Әсет пен Анар емес, күл­лі қазақ жаста­ры лай­ық-ақ. Алай­да анау әкім­нің (сурет­те) осы той­ға орай хат тасып келуі – «тегін» бол­ма­са керек? Қайт­кен­де де бұл өзі біре­у­ге «бұл қалай», енді біре­у­ге «кімі бол­ды екен» деген сұрақтар туды­ра­тын келіс болған сияқты. Бірақ ел қалай десе де, бұл құт­ты­қтау екі жастың өмірін­де­гі еле­улі оқиға­лар­дың бірі бола­ры анық.

Тек біздің айт­пағы­мыз – (құда­ның құдіреті-ау) елба­сы жазған «еле­улі» құт­ты­қтау (сурет­те) жастар­дың той­ы­на қатыс­сыз тағы бір сұрақ туды­ра­ды. Жоқ, жазы­лған тілек тәп-тәуір. Бірақ оның гра­ма­ти­ка­лық тұрғы­да жазы­луы пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға түс­кен үміт­кер­лер­ден емти­хан алған Мыр­за­тай Жол­да­с­бе­ков­ке сын болар түрі бар.

Неге дей­сіз ғой?! Рам­каға әрленіп салы­нған құт­ты­қта­уға қараңыз: осын­дағы үш сөй­лем­де екі қате жүр. Бірін­ші­ден, «Құр­мет­ті» деген сөз­ден кей­ін үтір қой­ы­ла­ды. Екін­ші­ден, «ата ана­ла­ры­ң­ның» деген тір­кес дефис арқы­лы жазылады.

Сосын ғой біздің: «мұны­сы қалай?» дей­тіні­міз. Өзіңіз ойлаңыз: пре­зи­дент­тің үш сөй­ле­мі­нен екі қате кет­се, бір­не­ше бет­тік шығар­ма­сы қан­дай қызыл шимай боларын…

Деген­мен, не бол­са да, бола­ры – болып­ты. Бәл­ки, бұл «үміт­кер­дің» былай­ғы жұрт­тың алдын­да тіл­ден сүрі­нуі – Мыр­за­тай емти­хан­шы­ның «бай­қа­май қала­ты­ны­нан» болар, бәл­ки, сай­лау алды науқан­шыл әкім­дер­дің ақы­лы­мен жақ­сы атта­нып, сүле-сапа сіл­тей салға­ны­нан болар, – әйте­уір «көсем­нен» де бір көлең­ке көрініп қалға­ны рас енді…

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн