Суббота , 12 июля 2025

Еркін РАҚЫШЕВ: Бұл – әділетсіз өтетін ЕҢ СОҢҒЫ САЙЛАУ

Бола­шақта Қаза­қстан қан­дай ел болуы керек деп, пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға бел­сене шыққан Жары­лқап Қалы­бай­дың сай­ла­у­ға қаты­су­дан бас тар­ту мәсе­лесі жөнін­де сай­лау шта­бы­ның жетек­шісі, бел­гілі кино­ре­жис­сер, ұлт жана­шы­ры Еркін РАҚЫШЕВ мыр­за­ға хабар­ласқан едік.

 

–Жары­лқап Қалы­бай­дың пре­зи­дент­тік­ке үміт­кер­лік­тен өз еркі­мен бас тар­туын қоғам дұрыс түсі­неді деп сене­мін, – деп баста­ды сөзін Еркін мыр­за. – Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы бел­гіле­ген – 93 мың адам­ның қолын жинау «меже­сіне» жете алма­дық. Себебі, бірін­ші­ден, біз­ге беріл­ген уақыт өте тар – шын мәнін­де екі-ақ күн бол­ды. Олай дей­тінім – мүм­кін болған уақыт­тың бес күні Наурыз мей­ра­мы­на тап кел­ді. ОСК қол жинау үшін тол­ты­ры­ла­тын парақтар­ды науры­здың 15 күні беруі тиіс еді. Ал комис­сия уақыт­ты мей­ілін­ше созып, парақтар әрең деген­де 18 наурыз күні кеш­ке ғана қолы­мы­зға тиді. Ар жағын­да қалған екі жұмыс күнінің ішін­де тоқ­сан мың адам­ның қолын Жары­лқап түгілі, Назар­ба­ев­тың өзі де жинай алмас еді. Екін­ші­ден, ОСК-нің облы­стық бөлім­ше­лері жер­гілік­ті жер­де өткізіл­ген қол­дар­дың басым бөлі­гін жарам­сыз деп тап­ты. Ол неге жарам­сыз – оған олар мыңқ деп жау­ап бере алма­ды. Осы­ның бәрі нағыз үміт­кер­ді сай­ла­у­ға жібер­мес үшін жасалған қитұрқы­лы­қтар деп білем.

– Деген­мен, қол жинау бары­сын­дағы кедер­гілер­дің мән-жай­ын нақты біле алды­ңы­здар ма?

– Ол айт­па­сақ та түсінік­ті жәйт қой. Билік осы сай­ла­уда тағы да өзінің қитұрқы әре­кет­терін жасап бақты. Қала­мы қарым­ды, ұлт жана­шы­ры бола біл­ген аза­мат осы сай­ла­у­ға қаты­са­тын бол­са, талай шын­ды­қтың беті ашы­лып, қалың қаза­ққа мәлім болар еді. Сон­ды­қтан қайт­кен күн­де де оны өткіз­бе­удің айла­сы жасалды.

Мына қызы­қты қараңыз: 40 мил­ли­он­нан астам тұрғы­ны бар Поль­ша­дағы пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға 100 мың қол жина­са, он жеті мил­ли­он халқы бар мем­ле­кет­тің пре­зи­ден­тін сай­лау үшін, 93 мың адам­ның қолын жина­уды талап ету – сон­дай айла­ның үлгісі дер едім.

Соны­мен бір­ге ОСК-нің бер­ген блан­кілері де қара­пай­ым ада­мға түсініксіз түр­де дай­ын­далған, жер­гілік­ті жер­де­гі аза­мат­тар­ды түсін­ді­ру үшін қосым­ша уақыт керекті­гін ешкім ескер­ме­ген. Ал пре­зи­дент­тік­ке үміт­кер ретін­де тір­кел­ген­дер үш адам­ның жүз­де­ген мың­нан асы­ра қалай қол жинаға­ны – құрт қай­на­тып жүр­ген кем­пір­ге де мәлім – әкім­шілік ресур­стар­дың күші. Ал Жары­лқап­тың артын­да тұрған пар­ти­я­сы, қал­та­лы деме­ушісі жоқ екені тағы бел­гілі, бірақ оның артын­да шын мәнін­де қалың елі – қаза­ғы тұрға­нын баса айтқым келеді. Жер-жер­де­гі ынта біл­діріп, сенім­ді өкіл болған аза­мат­тар Жары­лқап Қалы­бай­ды қол­дау үшін қол жина­уға бел­сене ара­ла­сты. Амал нешік, анық он күн уақы­ты­мыз болған­да, 100 мың­нан асы­ра дауыс жинар едік.

 

– Еркін мыр­за, сол «қалың елі – қаза­ғы» Қалы­бай­ға қол жинап бере алма­ды деген өкпе-рені­шті енді кім­ге айтамыз?

– Халы­ққа реніш айта алмай­мын… Ел-жұрт өте тығыз уақыт­та қолы­нан кел­ген мүм­кін­ді­гін аяп қалған жоқ. Рес­пуб­ли­ка­ның түп­кір-түп­кірі­нен теле­фон соғып хабар­ла­сып, қол­дау көр­сет­кен­дері қан­ша­ма! Билік­тің жасаған қыса­сты­ғы­на деген ашу-ыза­ла­рын біл­дік. Ұлты үшін отқа түсу­ден тай­ын­бай­тын­да­рын да ашық айтқан аза­мат­тарға мың алғыс!

Қол жинау науқа­нын­дағы сенім­ді өкіл­дер ақы­сыз, тегін қыз­мет етті, Жары­лқап­тың қал­та­сы­нан қар­жы шыққан жоқ. Алма­ты­дағы шта­бы­мы­зға күні-түні кел­ген жұрт­та есеп болған жоқ. Қаза­қтың көзі қарақты, зия­лы аза­мат­та­ры ұсы­ныс-пікір­лерін айтып, қол­дау көр­се­ту­ге әзір екен­дік­терін жет­кізді. Сай­лау науқа­ны кезін­де әле­умет­тік әділет­сіздік­тің бетін ашып, елді жай­лаған жемқор­лы­қты, халы­қтың мұң-мұқта­жын билік­ке жет­кі­зуді Жары­лқап Қалы­бай­ға ама­нат етіп жат­ты. Ел аза­мат­та­ры­ның көзін­де­гі отты көріп, жігер­лен­ген едік…

 

– Бұл сай­ла­удың нәти­же­сі қан­дай бола­ты­ны алдын ала бел­гілі бол­са да, жігер­леріңіз жасы­мап­ты: енді­гі үміт неде?

– Дәр­мен­сіздік таны­туға бол­май­ды: ел ішін­де ағар­ту жұмыста­рын бел­сен­ді жүр­гі­зу керек. Билік­тің бас-көз­сіз наси­ха­ты­нан «зом­биға» айна­лып қалған жұрт аз емес. Солар­дың көзін ашу керек. Мәсе­лен, тәу­ел­сіздік­тің жиыр­ма үш жылын­да ешқан­дай сай­лау өз мез­гілін­де және әділ өткен жоқ. Осы ширек ғасы­рға жуық уақыт бойы билік өзін-өзі мақтап, халы­қтың сана­сын әбден сан­сы­ра­тып, өз дегенін жаса­уда. Ал қара қыл­ды қақ жарып шыға­тын аза­мат­тарға жол қашан да жабық.

Сай­лау алаңын­да халы­қ­пен кез­де­су мүм­кін­ді­гін пай­да­ла­ну – Қалы­бай­дың басты мақ­са­ты бол­ды. Билік сай­ла­удың қор­тындысы қалай бола­рын алдын ала қат­тап қой­са да, Қалы­бай­дан қоры­ққан сыңай­лы. Себебі билік өзі жеңіс­ке жететінін біл­се де, Қалы­бай­дың артын­да тұрған халы­қтан сес­кен­ді, осын­ша уақыт алдай берудің ама­лы да түгесіл­ген сыңай­лы. Эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­стан гөрі, билік сая­са­ты­ның дағ­да­ры­сы қаза­ққа қауіп­ті болып тұр дер едім.

 

– Еркін мыр­за, қала­саңыз да, қала­ма­сы­ңыз да, пре­зи­дент­тік сай­лау өте­ді. Сол сай­ла­удан енді нен­дей жаңа­лық күтіп отырсыз?

– Бұл сай­ла­удан ешқан­дай жақ­сы­лық та, жаңа­лық та күт­пей­мін. Бұл сай­лау – тәу­ел­сіздік алған қазақ тарихын­дағы ең соңғы әділет­сіз сай­лау бола­ры­на сенімдімін!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн