Понедельник , 7 июля 2025

СҰЛУДЫҢ БАҒЫ сыртта ашылады, ә?

Жуыр­да Алма­ты­да «Face of Central Asia» кон­кур­сы болып өтті. Аста­на­лық «OK-models» агент­ті­гінің  16 жасар моделі Ина­ра Юсу­по­ва аталған кон­кур­ста Гран-при сый­лы­ғын иеленді.

Әсілін­де, бұл шара осы­мен қата­ры­нан онын­шы жылы өткізіл­гелі оты­рған «Asia Model Awards» атты ази­я­лық фести­валь­ға ірік­теу сыны ретін­де өткізіл­ген еді. Бұл бай­қа­уға Қаза­қстан, Өзбек­стан және Қырғыз­стан­нан 42 модель қаты­сқан бола­тын. Соны­мен бір­ге бай­қау жеңім­па­зы Ина­ра­дан бөлек Қаза­қстан аты­нан «Asia Model Awards» агент­ті­гін­де өнер көр­се­тетін 13 қыз таң­дап алынған.

Осы орай­да «OK-models» агент­ті­гінің дирек­то­ры Оль­га Крю­ко­ва­ның сөзіне сүй­ен­сек, ірік­теу туры кәсі­би жоға­ры дең­гей­де өткен бұн­дай шара елі­міз­де бұрын-соң­ды болып көр­ме­ген­ге ұқсай­ды. «Бұл сұлулық сай­ы­сы емес, сон­ды­қтан қаты­су­шы­лар модель­дік биз­нес үшін таң­да­лып отыр. Финалға өткен сәнқой­лар шетел­де жұмыс атқа­руға тап­тыр­май­тын сым­бат­ты­лар және келісім-шар­тқа оты­ра­тын мүм­кін­дік­тері де жоға­ры», – дей­ді Оль­га Крюкова.

Сон­да дей­мін, Оль­га Крю­ко­ва айтқан­дай, Ина­ра бастаған 13 қыздың «шетел­де жұмыс атқа­руы үшін тап­тыр­май­тын» сым­бат иелері ата­нуы көңіл­ге күдік ұяла­та­ды. «Сұлулық сай­ы­сы бол­ма­са», бұл сон­да сым­бат­ты тән сауда­сы­на арналған тау­ар­лар тар­ты­сы ма?

Бұдан бұрын тағы бір модель агент­ті­гі қожай­ы­ны­ның: «Менің қызда­рым қал­та­лы­ларға тоқал бол­май­ды…» – деп, өз-өзі­нен быт-шыт болға­ны бар еді. Оль­га бике­штің бір­түр­лі сөзі­нен кей­ін осы оқыс сөз еріксіз еске түседі екен… Ал Ина­ра қызы­мыз небәрі 16 жаста екенін еске алсақ, бұн­дай бай­қа­у­лар­дың қаза­ққа қан­дай қажеті бар деген күлбіл­те күдік ойға ора­ла кететіні рас. Әйте­уір қалай десек те, сән биз­несіне он екі­де бір гүлі ашыл­маған, құлын мүше­сі бұзыл­маған қыздар­ды тар­ту­дың таң­да­нар­лық тәр­тібін түсіне алмадық.

 

 

 

 

Кім кінәлі?

Саби­на­ның

СҰЛУЛЫҒЫ

сая­сат па?

Білім және ғылым мини­стр­лі­гі «Құр­мет гра­мо­та­сы­ның» иегері, бел­гілі ұстаз Тоғай­бай Нұр­мұратұ­лы Саби­на Алтын­бе­ко­ва­ны «сұлу» деп көк­ке көтер­ген­дер­ді сынға алды.

Онда Нұр­мұратұ­лы біздің Саби­на қызы­мы­зды қытай­лы­қтар­дың мақтау себебі – Қытай мем­ле­кетінің қырық мил­ли­он еркек­ке қаза­қтан әйел тауып беру сая­са­ты бүр­ке­ме­леніп жатқа­нын айта келіп: «Шетел­дік­тер­дің «қазақ қызда­ры сұлу, әде­мі» деп өтірік мақтаға­ны­на түсіні­гі­міз жет­пе­геніне қапа­лы­мын. Қай ата-баба­мыз өз қызда­рын шетел­дік­тер­ге көр­сетіп мақтанған еді? Олар тау­ар ма еді, мал ма еді? Қаза­қстан­ның «брен­ді» енді қазақ қызда­ры болға­ны ма?» – деп түй­іл­ді (Abai.kz).Әрі Тоғай­бай ұста­здың пай­ым­да­уын­ша, қазақ қызда­ры­ның біра­зы осын­дай аспанға көте­ру­шілік­тің кесірі­нен қазақ жігіт­терін мен­сін­бей, өзге ұлтқа тұр­мысқа шығу­да екен.

Әрине, бұл жер­де Саби­на­ны кінәла­у­ға бол­мас: бұлай сұлу болған­да, ешкім­нің еріксіз алып, мой­ны­на таққан «мон­шағы» жоқ! Оның бер жағын­да құдай бер­ген әлпе­ті­мен сол ара­дағы әлдекім­дер­ден әде­мі екені көп­тің көзіне ұрып тұрға­ны тағы бар. Қытай солай деді екен деп, сұлу­ла­ры­мы­зды сыр­тқа шығар­май қою – ғалам­дасқан әлем­нің әлпе­тіне сай кел­мей­тін әре­кет бол­са керек.

 

 

Ұят-ай!

АСАБАНЫҢ АҚЫСЫ

Сәу­лені

неге рен­жіт­ті?

 

Таны­мал теле­жүр­гі­зу­ші Сәу­ле Әбе­ди­но­ва бір той­да бір­не­ше мың дол­лар­ды қал­та­сы­на баса­тын әншілер мен аса­ба­лар­ды сына­ды. Ол мұн­дай аса­ба­лар­ды қара­пай­ым еңбек ада­мы­нан ұялу керекті­гін айтады.

«Әпкем­нің бала­сы үйленіп, той жаса­удың қамын­да­мыз. Өз балам­дай боп кет­кен бала. Қолым­нан кел­ген­ше той­ы­на үлес қос­сам деген ой. «Әншілер мен аса­ба­ларға жақын­сың, жақ­сы аса­ба тауып бер» деп, әпкем қолқа салған соң, біразы­мен теле­фон арқы­лы тіл­де­стім. Ешқай­сысы­на өкпем жоқ. Тек таңқалға­ным – ең қым­бат аса­ба­ның «гоно­ра­ры» 6 мың АҚШ дол­ла­ры екен. Ең арза­ны­ның «гоно­ра­ры» – 1 мың дол­лар», – дей­ді Сәу­ле Әбе­ди­но­ва Facebook-тегі парақшасында.

Оған қоса, «Жатып алып есеп­те­дім: кеш­кі 7‑ден түн­гі 1‑ге дей­ін – 6 сағат жұмыс уақы­ты: тұп-тура 6 мың дол­лар қал­та­да! Ал тұрақты жұмыс орны бар, «шүкір» дей­тін­дей (ойын­дағы­дай) айлы­ғы бар қара­пай­ым еңбек ада­мы бұн­дай ақша­ны 1 жыл таңғы 9‑дан кеш­кі 6‑ға дей­ін істеп таба­ды. Әншілер де солай. Бір-екі фоно­грам­ма­сы­мен бір­не­ше мың дол­лар­ды қал­та­сы­на басып жүре береді. Ұялу керек қой!», – дей­ді таны­мал тележүргізуші.

Расын­да да, бүгін­гі күн Қаза­қстан­ның аса­ба­сы мен әншісі ұяла­тын заман ба?! Тіп­ті бұн­дай­да «Өнер­ді сату – өзіңді сату» деп, зіл­дей сөз­бен дәл солар­дың бетіне былш-былш еткіз­гің келеді: олар­дың сатып жүр­гені шыны­мен өнер болса?..

 

 

 

 

Сүй­ін­ші!

Мей­рам­бек

ҰЛДЫ

БОЛДЫ

Күл­лі қаза­ққа бала күн­нен «Бозторғай­ы­мен» таны­лған «МұзАрт» тобы­ның әншісі Мей­рам­бек­тің шаңы­рағы­на ізба­сар кел­ді: Бесба­ев­тар­дың шаңы­рағы­на жұбайы Мар­ха­бат шекесі тор­сы­қтай ұл сыйлады.

Әнші сосын не істе­ді дей­сіз ғой?! Қуа­ны­шы қой­ны­на сый­маған Мей­рам­бек мыр­за бір құшақ гүлін алып, тұңғы­шы Кәу­сар­мен бір­ге пер­зент­ха­наға алып ұшып барған. Іле-шала әнші өзін құт­ты­қтаған қалың оқыр­ман­да­ры үшін алғы­сқа толы суретін әле­умет­тік желі­ге жария етті.

Мұн­дай­да баяғы бір Мей­рам­бе­гі аяқ асты ауы­рып қалған­да, бай­тақ бұқа­ра, әсіре­се ақ жаулы­қты ана­лар әншінің жазы­лып кетуіне тіле­улес болып, эфир­ден жылаға­нын білетін біз исі қаза­қтан сүй­ін­ші сұрап, сәби­лерінің бауы берік бол­сын дегі­міз келеді!

 

 

 

 

Қиын қып­сың!

ҚАЗАҚ ӨНЕРІ

«Орда­мен» бірге

ОПАТ БОЛМАС

Кезін­де қазақ эст­ра­да­сы­на өзге­ше сти­лі­мен жарқы­рап кел­ген «Орда» тобы енді қазақ сахна­сын­да ән сал­май­тын бол­ды. Яғни, таны­мал топ тарап тынды.

Бұл тура­лы жуы­қта Алма­ты­ның орта­лық алаңын­да өздерінің құры­лға­ны­на 15 жыл толуы­на орай кон­церт өткіз­ген аталған топ дәл сол жер­де: «Бұл біздің топ ретін­де сіз­дер­дің алда­ры­ңы­зға соңғы рет шығуы­мыз», – деп ресми түр­де жария етті.

Бір қызы­ғы – сол ара­да тың­дар­ман болған біраз жұрт іштері­нен «Әтте­ген-ай!» десіп қай­тып жат­ты. Ал әле­умет­тік желі­де бәз­біре­улер бөр­кін аспанға атып, «дұрыс бол­ды­ға» лайк (ұна­ту түй­ме­ше­сі) басты-ай келіп.

Бұн­дай­да «Бөлін­ген­ді бөрінің жей­тін-жемей­тінін» қай­дам, қара­пай­ым қаза­қы қисы­нға салған­да, «Оты­зын­да орда бұзып, қырқын­да қамал алар» жігіт­тер­дің қай-қай­сысы­на да өнерін баға­лаған жұрт­тың қара қазан­дай өкпе­сі қалды.

Ал өнер ше? Бесе­удің «Орда­сы» тара­ды екен деп, қаза­қтың өнер орда­сы опат бол­мас: оты­зы­на дей­ін орда бұза­мыз деп, өріп келе жатқан өрім­дей жастар аман болсын!

Топ­та­ма­ны дайындаған –

Төлеу ТҰРМАН

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн