Қазақстанның көптеген өңірлерінің тұрғындары қауіпті экологиялық орталықта мекен етеді, деп хабарлады БҰҰ экологиялық негізделген реттеулер және қауіпті заттар мен қалдықтарды жоюдың адам құқықтары үшін салдары туралы мәселе жөніндегі арнайы баяндамашысы Башкут Тунчак.
«Мен сол ластанған өңірлердің тұрғындарымен кездестім, олар сол ауамен күн сайын тыныстайды, сол суды ішеді, сол тағамды жейді, өздері маңайында тұратын мұнай өңдейтін зауыт жұмыстарына және тау-кен өндірісінің алаңдарынан, улы және радиоактивті қалдықтар қоқыстарына байланысты ластану себептерінен денсаулығына шағымданады», – деді ол кеше өткен баспасөз мәслихатында.
«Мен болған әр қалада табиғи ресурстарды өндіруде, оларды кейін өңдеуде және қалдықтарын кәдеге асырғанда бөлінетін қауіпті заттар адам құқықтарына елеулі ықпал етуінің ытималдығы жоғары», – дейді Б.Тунчак.
«Мемлекет көп тірлік атқаруы керек. Адамдар үреймен өмір сүруін жалғастыра алмайды. Мемлекеттің адам құқықтарын қорғаймыз дәне оны нығайтамыз деген мәлімдемелері іс жүзінде орындалуы керек. Мемлекет халықтың осы тобын халықаралық құқықтарға және адам құқықтары саласының стандарттарына сай қорғау бойынша көп күш-жігер қабылдауы керек», – деп тұжырымдады сарапшы.
ҚазТАГ.