Понедельник , 7 июля 2025

Қазақстанның өнеркәсіп саясатына ҚЫТАЙДЫҢ АРАЛАСУЫ МҮМКІН

 

 Келе­шек­те ҚХР Қаза­қстан­ның өнер­кәсіп сая­са­ты­на ара­ла­суы мүм­кін­ді­гін жоққа шыға­руға бол­май­ды, делін­ген «Мега­по­лис» газетін­де жари­я­ланған мақалада.

 

Мақа­ла­да айты­лған­дай, был­тыр қытай­лы­қтар Қаза­қстан­да шыны, цемент пен ауыл шару­а­шы­лы­ғы өнім­дерін шыға­ра­тын зауыт салуға дай­ын­ды­ғын мәлім етті. Ал жақын­да ғана кәсіп­кер­лер­дің «Ата­ме­кен» ұлт­тық пала­та­сы­ның пре­зи­ди­ум төраға­сы Тимур Құлы­ба­ев Қытай Қаза­қстан аумағын­да инду­стри­ал­дық 44 жоба­ны қар­жы­лан­ды­руға дай­ын екен­ді­гін мәлім етті.

Басы­лым мәлі­мет­теріне қараған­да, Қаза­қстан-қытай­лық бірік­кен кәсі­по­рын (БК) құру тура­лы алға­шқы келісім 1997 жылы 4 сәуір­де жаса­лып­ты. Онда «Ақтө­бе­Мұ­най­Газ» АҚ акци­я­ла­ры­ның 60%-ын қытай­лық CNPC (China National Petroleum Corporation) сатып алған-ды. Бүгін­гі Қаза­қстан­да Қытай­мен бір­ге ашы­лған мың­нан астам БК жұмыс атқа­ру­да, олар­дың басым бөлі­гі мұнай-газ сала­сын­да. Олар ең алды­мен CNPC, Sinopec (Қытай­лық мұнай-химия кор­по­ра­ци­я­сы), CNOOC (Қытай­лық ұлт­тық офф­шор­лық мұнай кор­по­ра­ци­я­сы) кәсі­по­рын­да­ры­мен бір­лес­кен кәсі­по­рын­дар. «Ақтө­бе­Мұ­най­Газ CNPC», «Сол­түстік Боза­шы опе­рей­тинг», «CNPC Айдан-мұнай», «Пет­роҚа­за­қстан» сын­ды кәсі­по­рын­дар­дың үле­стері қытай­лы­қтарға тиесілі. Қытай Маңғы­стау, Ақтө­бе және Қызы­лор­да облы­ста­рын­дағы мұнай шыға­ра­тын кені­ш­тер­ге ие.

Қаза­қстан-қытай­лық мұнай құбы­ры мен газ құбы­рын салу және оларға қыз­мет көр­се­ту үшін, «Қаза­қстан-қытай­лық құбыр» БК, «Қаза­қстан-қытай­лық мұнай құбы­ры» мен «Қаза­қстан-қытай­лық «Ұлы қабы­рға» бұрғы­лау ком­па­ни­я­сы» құрыл­ды. Қытай­лық Sinooil ком­па­ни­я­сы­ның да қаза­қстан­дық мұнай өнім­дерін сату нары­ғын­да өз үлесі бар. Одан басқа, қытай­лық инве­сти­ци­я­лық CITIC Group ком­па­ни­я­сы Қара­жам­бас­мұ­най кені­шіне ие.

Элек­тр­энер­ге­ти­ка­сы сала­сын­да қытай­лық капи­тал­дың қаты­суы­мен «Шарын өзенін­де­гі Мой­нақ ГЭС‑і» жоба­сы іске асы­рыл­ды. Атом сала­сын­да «Семізбай‑U» бір­лес­кен ЖШС құрыл­ды. Был­тыр «Ляньюнь­ган қала­сын­дағы қытай-қаза­қстан­дық халы­қа­ра­лық логи­сти­ка­лық ком­па­ния» АҚБ құрыл­ды. Ондағы қаты­су үлесі «ҚТЖ» ҰК» АҚ үлесі 49%, ал 51% «Порт Ляньюнь­ган ком­па­ни­я­лар тобы­на» тиесілі.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн