Астананың халқы неге ҰЗАҚ ЖАСАЙДЫ?

Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы жағынан Астана тұрғындары көш басында келеді, деп мәлім етті елордалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Марат Құрманов.

 

«Бізде өмір сүру ұзақтығы ең жоғары. Егер республика бойынша орташа мәнді алсақ, біздікі 2 жылға ұзақ және 70,5 жыл», – деді М. Құрманов ҚазТАГ агенттігіне сейсенбі күні Астанада өткен Дүниежүзілік денсаулық күніне арнап өткізген баспасөз мәслихатында.

«Ол республика бойынша қуатты деген медициналық ұйымдардың елордада шоғырлануынан шығар.

Елордалық мәртебеге ие бола отырып, нашар медициналық қызмет көрсету жаман болар еді», – деп атап көрсетті ол.

Расында, бүкіл Қазақстанды дотациялық тұрғыда «езгілеп еміп» отырған Астананың жағдайы басқа аймақтардан, әсіресе аңырап қалған ауылдардан артық болмағанда – қайтеді? Сондықтан Мұрат Құрманов мырзаның басқа қазақстандықтардың шамына тиетін мұндай соқыр саясатқа «соқтықпағаны» дұрыс еді.

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн