Понедельник , 7 июля 2025

Қазақстан өркениетке емес, РЕСЕЙГЕ ЕЛІКТЕУДЕ

Бұл екі арада

 

Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гі «Үкі­мет­тік емес ұйым (ҮЕҰ) қыз­меті мәсе­ле­лері жөнін­де­гі кей­бір заң актілеріне өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» заң жоба­сын әзір­леп жатыр. Шетел грант­та­ры есебі­нен жұмыс істей­тін бірқа­тар құқық қорғау ҮЕҰ өкіл­дері «заң жоба­сы шетел грант­та­ры­на іс жүзін­де моно­по­лия орна­ту, ҮЕҰ қыз­мет түр­лерін шек­теу арқы­лы құқық қорғау ұйым­да­рын Қаза­қстан­да жұмыс істеу мүм­кін­ді­гі­нен айы­ру­ды көз­дей­ді» деп мәлім­дей­ді. Олар бұл заң жоба­сын Ресей­де қабыл­данған «Шетел агент­тері тура­лы» заң­мен салыстырады.

Заң жоба­сын әзір­леу иде­я­сы­ның авто­ры – Қаза­қстан аза­мат­тық аль­ян­сы, үкі­мет­шіл ҮЕҰ коа­ли­ци­я­сы­ның пре­зи­ден­ті Нұр­лан Ерім­бе­тов. Ол – елде шетел грант­та­рын беретін негіз­гі донор – «Сорос-Қаза­қстан» қорын­дағы бақы­лау кеңесінің бұры­нғы мүше­сі. Екі жыл бұрын аза­мат­тық аль­янс бас­шы­сы болып тағай­ын­далған­нан бері оның рито­ри­ка­сы да өзгерген.

– Мен шетел ком­па­ни­я­ла­ры­ның қар­жы­лан­ды­руы­на үзіл­ді-кесіл­ді қар­сы­мын, өйт­кені шетел ақша­сы – екі­жүзділік пен сай­қал­дық. Мен бұрын шетел­ден ағы­лған ақша­ның орны­на енді өзі­міз қар­жы­лан­дыр­сақ дей­мін, – деп мәлім­деді Нұр­лан Ерім­бе­тов бас­пасөз өкілдеріне.

Оның айтуын­ша, «Қаза­қстан қоға­мы­на пай­да­лы» жоба­лар­ды іске асы­ру шар­ты­мен қазір шетел ком­па­ни­я­ла­ры грант­та­рын алып оты­рған үкі­мет­тік емес ұйым­дар­дың жұмысын енді мем­ле­кет қар­жы­лан­ды­ра ала­ды. Ал бұл жоба­лар­дың қан­ша­лы­қты пай­да­лы-пай­да­сыз екенін шене­унік­тер аны­қта­уы тиіс деп санай­ды Ерімбетов.

«Халы­қа­ра­лық құқы­қтық баста­ма» қоғам­дық қоры сияқты көп­те­ген құқық қорғау ұйым­да­ры заң­ды бұл күй­ін­де қабыл­да­уға қар­сы. Қор өкіл­дері заң жоба­сын тал­дап шығып, жай­сыз қоры­тын­ды­ға келген.

– Шене­унік­тер­ге елде­гі грант­тар­ды бөлу­ге заң жүзін­де моно­по­лия орна­тып, құқық қорғау жұмысын шек­теу мүм­кін­ді­гін беретін мына заң жоба­сы шетел­дің қар­жы­лан­ды­руы арқы­лы тәу­ел­сіз әрі объ­ек­тив­ті зерт­те­улер жүр­гізіп, билік­тің ресми көзқа­ра­сы­на бала­ма көзқа­рас ұсы­на­тын үкі­мет­тік емес ұйым­дар­ды шын мәнін­де тір­шілі­гі­нен айы­ра­ды, – дей­ді қор сарап­шы­сы Аман­гел­ді Шорманбаев.

Ескер­те кетей­ік, сарап­шы­лар сынаған заң жоба­сын қаза­қстан­дық құқық қорға­у­шы­лар «Ком­мер­ци­я­лық емес ұйым­дар тура­лы» заңға неме­се 2012 жыл­дың шіл­десін­де Ресей­де қабыл­данған «Шетел агент­тері тура­лы» заңға ұқса­та­ды. Заң «шетел аген­ті» деп таны­лған қоғам­дық және сая­си ұйым­дар­ды шетел­ден қар­жы­лан­ды­руға қатаң тый­ым салады.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн