Среда , 27 августа 2025

БІЗ он жетіге КЕЛДІК!

Бүгін – сәуір­дің 16-күні біздің газет­тің бірін­ші саны шыққа­ны­на 17 жыл тол­ды. Кибер­не­ти­ка­лық шап­шаң­ды­қ­пен зымы­раған қазір­гі заман­да бұл 17 жыл аз ба, көп пе – оны ойлы оқыр­ман­ның өз көңілі біледі. Біздікі – уақыт­пен емес, сол оқыр­ман­ның сұра­ны­сы­мен сана­су­дың апта сай­ын арпа­лы­сқан шаруа­сы ғана.

Осы жыл­дар ара­лы­ғын­да біз не көрмедік?

Оны да біз емес, оқыр­ман айт­сын: «Анау жылы өздеріңіз­ге бір­не­ше рет шабуыл жасап, газет жур­на­ли­стерін соққы­ға жығып, сот­тап, редак­ци­я­ны тып-типыл тонап, тіп­ті авто­көлік­теріңіздің асты­на жары­лғыш зат қой­ып кет­кенін біле­міз, әйте­уір аман қалған­да­ры­ңы­зға қуан­дық…» деген екен осы күн­ге арнап, Шығыс Қаза­қстан облы­сы­ның Ұлан ауда­ны­нан (Тарғын ауы­лы) хат жазған газет жана­шы­ры Арғын­бек Кәріпов.

Міне, осы бір сөй­лем­мен бәрі айты­лған. Рахмет!

«ДАТ»-қа ниет­тес мың­дап сана­ла­тын оқыр­ман қауы­мын – газет­тің әр санын күт­кен, біздің аман­ды­ғы­мы­зды тіле­ген ағай­ы­нға мың мәр­те алғыс айта­мыз! Бар­шаңы­зды «ДАТ»-тың туған күні­мен құттықтаймыз!

Редак­ция

 

Бұл екі арада

 

180 ЕЛДІҢ ІШІНДЕ

160-орын­да тұрмыз

Қаза­қстан бас­пасөз бостан­ды­ғы индексін­де 2014 жыл­мен салы­сты­рған­да 1 оры­нға алға жыл­жып, 180 елдің ішін­де 160-орын алды, деп хабар­ла­ды халы­қа­ра­лық «Репор­тер­лер шека­ра­сыз» ұйымы.

Ұйым мәлі­мет­терін­ше, 2014 жылы Қаза­қстан 180 орын­ның ішін­де 161-орын­да, 2013 және 2012 жыл­да­ры, сәй­кесін­ше, 178 орын­ның ішін­де 160-орын алған.

Биыл Қаза­қстанға қараған­да келесі елдер­дің индек­с­те­гі пози­ци­я­ла­ры төмен­деу: Әзер­бай­жан – 162-орын, Өзбек­стан – 166 және Түр­кі­мен­стан – 178, Бела­русь – 157-орын­да, Ресей – 152, Укра­и­на – 129, Тәжік­стан – 116, Қырғыз­стан – 88-орын­да, Арме­ния – 78, Мол­до­ва – 72, Гру­зия – 69-орын­да, Лит­ва – 31, Лат­вия – 28, ал Эсто­ния индек­с­те­гі алға­шқы ондықта.

Бірін­ші үш орын Фин­лян­дия, Нор­ве­гия мен Дани­яға бұй­ыр­ды, ал соңғы үш орын, сәй­кесін­ше, Түрк­мен­стан, Сол­түстік Корея мен Эритре­яға бұйырды.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн