АРМАННЫҢ асыл арманы ОРЫНДАЛАДЫ…

Танымал композитор, «Хабар» телеарнасының «жұлдызды жүргізушісі» Арман Дүйсенов «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамы мен «Гүлдер» ансамблін басқаратын болады.

«Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының құрылғанына биыл 10 жыл толады. Бірақ оның құрамындағы «Гүлдер» ансамблінің тарихы отыз жылдан асып жығылады. Осы уақыт аралығында бұл ансамбльдің гастрольдік сапармен бармаған жері, болмаған елі қалмады. Бірақ соңғы 10-15 жылдың көлемінде ансамбльде басшы тұрақтамағаны – тағы рас.

Енді, міне, «Қазақ әуендерін» әуелетуге жаңаша ойлайтын, жаңа заманның талабын білетін басшы келді. Оның қызметі қаншалықты жемісті боларын уақыт көрсетеді.

Бірақ, қазақи қалыпқа салып қарасақ, ансамбльдегі арқыраған артистер Арманға жұмыс істете ме, жоқ па – ол да болашақтың әңгімесі. Қалай десек те, қазақтың өнерін әлемге әйгілеп жүрген ансамбль Арманның дәуірінде жаңа биіктерге көтеріледі деген үмітке ерік бергің келеді. Арманның да бұл орайда асыл арманы бары – сөзсіз мәселе болмақ.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн