Баласынан БРЕНД жасаған ана

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №15 (286) от 16 апреля 2015 г.

 

Ойдан-қырдан

Құттықтау!

 

«Қазақ эстрадасында «Қайрат Нұртас» деген брендтің қалыптастасуына оның анасының да қосқан еңбегі зор». Бұл – білетіндердің сөзі. Әрине, Қайраттың талантын жоққа шығаруға болмайды. Бірақ ұлы үшін ұлы еңбек сіңірген ананың атын қалтарыс қалдыруға тағы да болмайды.

Міне, сол ана – Қайраттың продюсері Гүлзира Айдарбекова өткен аптада өзінің кезекті туған күнін тойлады. Анасының туған күніне орай Қайрат Нұртас «Royal Tulip» мейманханасында үлкен кеш ұйымдастырды. Аталған мерекеге Айдарбековтердің туған-туыс, дос-жарандарынан бөлек қазақ эстрадасындағы танымал жұлдыздар да ағылып келді.

Қай кез болмасын, Қайраттың – анасына, анасының – ұлына деген ыстық ықыласы көпшілік ортада жиі айтылып жүрген әңгіме. Бұл орайда Гүлзира Үсенқызы: «Мен балама жақын болу үшін де, оған қашан да өзімнің қолдауымды білдіру үшін де, продюсер болуға бел байладым», – дейді.

Рас, қай ана болмасын, өз баласына бақыттан басқаны тілемейді. Бірақ баласының болашағы үшін, бұрын-соңды қазақ көрмеген продюсерлік кәсіпті меңгеру – басқа мамандықтың иесіне оңай болмаса керек-ті. Яғни, Гүлзира ханымның баласына деген махаббаты мен өнерге жәрдемші болсам деген өзіндік құлшынысы сайма-сай келді деген сөз. Бұл енді айтуға тұрарлық жағдай!

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн