Воскресенье , 6 июля 2025

Елу елді мекен ТОПАНСУ астында қалды

Қаза­қстан­да 50 елді мекен су басқан аймақтар­да қал­ды, тағы 30-на суға кету қау­пі төніп тұр, деп хабар­ла­ды ҚР ішкі істер мини­стрінің орын­ба­са­ры Вла­ди­мир Божко.

«Жал­пы суға кет­кен үйлер саны Ақмо­ла, Қараған­ды, Қоста­най, Шығыс Қаза­қстан; Пав­ло­дар және Сол­түстік Қаза­қстан облы­ста­ры­ның 17 ауда­нын­да 1149 үйді құра­ды. Қазір­гі таң­да 511 үй суға кетіп отыр», – деді В.Божко сей­сен­бі­де «аймақтар­дағы орын алып оты­рған суға кету жағ­дайы және жүр­гізіліп жатқан апат­тық-құтқа­ру жұмыста­ры тура­лы» бас­пасөз мәслихатында.

Ол 89 учас­кі­де 173 шақы­рым көлік жолы­ның, соның ішін­де рес­пуб­ли­ка­лық маңы­здағы жол­дар­да да су жүріп кет­кенін мәлім­деді. Қазір оның тек 1,9 шақы­ры­мы қал­пы­на кел­тіріл­се, 5 көпір бұзылған.

ІІМ Төтен­ше жағ­дай­лар коми­тетін­де Нұра өзеніне судың көп­теп келуі­нен Қараған­ды облы­сы­ның тағы 20 елді мекенін су басу қау­пі төніп тұрға­нын, оның ішін­де 5 елді мекен­ді толы­қтай су баса­ты­нын мәлім­деді. Соны­мен қатар Ақмо­ла облы­сы мен Аста­на қала маңы­ның 10 елді мекеніне суға кету қау­пі төніп тұр.Топансудан эва­ку­а­ци­я­ланған 11 мың адам­ның қазір­гі таң­да 1265‑і үйлеріне оралған, қалған 9907-сі эва­пункт­тер­де қалып отыр.                      ҚазТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн