«ЕКІ АНЫҚТАМА» мәселесін кім шешеді?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №16 (287) от 23 апреля 2015 г.

 

Мәжілісте қаралып жатқан «Халықтың көші-қоны туралы» Заң жобасына байланысты ҚР ІІМ Көші-қон департаментінің төрағасы Серік Сайыновтың қабылдауында болып, аты шулы ЕКІ АНЫҚТАМАДАН қалай құтылу жағын ақылдастым.

Серік Сайынұлы мен оның орынбасары Ғалияға Қытайдың төлқұжат беру тәртібін алға тарта отырып, еліміздің Көші-қон заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу керектігін өтіндім. Серік Сайынов мырза бәрін түсініп, біліп отырғанын, тек Көші-қон департаментінің бұл өзгерісті өзі билеп-төстеп жасауға дәрменсіз екенін айтып ақталды. «Өзге құзырлы органдар қолдап жатса, қарсы емессіз бе?!» деген сұрақты екі алақанын жайып, жауапсыз қалдырды.

Әрине, бұл жағын біз де түсінеміз. Заңға түбегейлі өзгеріс енгізу жалғыз Көші-қон департаментінің қолында емес!

Дегенмен, ЕКІ АНЫҚТАМАНЫҢ тіке кесірінен тұрақты тіркеуге тұра алмай, екі ортада қаңғырып қалған неше мыңдаған қандастарымыздың тағдырына бей-жай қарау, себеп-салдарын біле тұрып, Заң жобасын өзгеруге ұсыныс айтпау, мәселені шешуге құлшыныс танытпау да жақсы қылық емес!

Жөн сұраса келгенде, Серік Сайынұлы өзінің албан екенін айтты. Менің Мақсат Ілиясұлы, Жанарбек Әшімжан, Алмас Исәділ бауырларымның туысқаны болып шықты.

Мен «Осы келгендердің, тұрақты тіркеуге тұра алмай жүргендердің көбі – албандар мен қызайлар. Бірі туысқаныңыз, бір жиеніңіз. Мәселесін шешпесеңіз, бәрін жиып, пойызбен Астанаға – тіке сізге алып келем!» – деп қалжыңдадым…

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Шеттегі бауырларымыздың табанына кірген шөңге біздің жан-жүрегімізді де сыздатуы керек!» – деген сөзін 26-шы қаріппен үлкейтіп апарғам. Кетерімде департамент басшысына соны ұсындым, әрі кабинетіне іліп қоюын өтіндім.

Айтпақшы, қолданыстағы қатаң заңның кесірінен тұрақты тіркеуге тұра алмай отырған қанша қандасымыз бар екенін анықтайтын болды. Сонымен бірге оларды жаң а Заң қабылданғанша, жергілікті Көші-қон полициясына мазалатпауға келісті.

Ауыт МҰҚИБЕК,

(«Фейсбуктағы» парақшасынан)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн