«Тәттім- ау, тәттім-ау , өзіңді әрең таптым-ау» деп, бәлкім, Тоқтарға арнап ән салатын Бейбіт-әнші өнер әлеміне адами жаңалық-хабар әкелді: қазақ сахнасының лирикалық қос жұлдызы, өмірде де, өнерде де жұптары жазылмайтын, ерлі- зайыпты Тоқтар мен Бейбіттің отбасында егіз ұл дүниеге келді.
Сүйінші жаңалықты алғаш болып жеткізген өнердегі әріптесі Сәкен Майғазиев Instagram парақшасында: «Тоқаш досым, үш ұлдың әкесі атанғаның құтты болсын! Ұлдарың өзіңнен өте тусын. Алла Тағала Бейбіт екеуіңе баянды ғұмыр бергей!» депті. Ал «Жігіттер» квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымов: «Тіл-көзден аман болыңыздар!» – деп сұқ көзді өзге жұртқа ескерту жасаған әлпет танытыпты.
Біз де интернеттің әлеуметтік желісінде азан-қазан қуанышқа кенеліп жатқан жұртшылық тілегіне қосыламыз.