Воскресенье , 20 апреля 2025

Сартай тағы да… СОҒЫСҚА АТТАНДЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №16 (287) от 23 апреля 2015 г.

 

Ойдан-қырдан

 

«Жаужүрек мың бала» фильмінде батыр Сартайдың рөлін сомдап, патриоттық ерлікті шебер көрсете білгені үшін Бауыржан Момышұлы медалімен марапатталып, «Серпер» жастар сыйлығының иегері атанған әртіс Асылхан Төлепов бүгінде «Ардагерлер» деп аталатын киноға түсуде.

Бұл туралы ақпарат актердің Instagram парақшасы арқылы белгілі болды, деп жазады «Алаш айнасы» порталы. Содан болар, Асылханның сарбаз бейнесіндегі суреттері әлеуметтік желі атаулыны «жаулап жатқан» көрінеді. Батыр бала бейнесі арқылы көрермен көңілінде жатталып қалған актер бір сұхбатында ел басына қандай күн туса да, қолына қару алып, елін қорғауға қашан да дайын екенін айтқан болатын. Оған қоса, актер жігіт спортпен белсенді түрде айналысатынын және таэквандоның «қара белбеу» иегері екенін екінің бірі біле бермес.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн