Воскресенье , 20 апреля 2025

ҮШ ТІЛДІҢ «жол картасы» ЖАСАЛАДЫ

ҚР пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев Білім және ғылым мини­стр­лі­гіне Мәде­ни­ет және спорт мини­стр­лі­гі­мен бір­лесіп, Қаза­қстан­да үш тіл­ді: қазақ, орыс және ағы­л­шын тіл­дерін­де білім беру­ге көшудің жол кар­та­сын жасап шыға­ру­ды тапсырды.

«Білім мини­стр­лі­гіне Мәде­ни­ет мини­стр­лі­гі­мен бір­лесіп үш тіл­ді білім берудің жол кар­та­сын жасап шыға­ру қажет», – деді Н. Назар­ба­ев бей­сен­бі күні Қаза­қстан халқы Ассам­бле­я­сы­ның ХХІІ сессиясында.

Оның айтуын­ша, қазір­гі таң­да мем­ле­кет­тік тіл­ді бел­сен­ді түр­де үйрене бастаған қазақ емес аза­мат­тар­дың саны артқан.

«Бүгін­де мен қазақ тілін үйреніп жүр­ген бар­лық қазақ еме­стер­ге шын жүрек­тен рах­метім­ді айтып, басым­ды игім келеді. Бала­бақ­ша­дан бастап, бала­ла­рын өз Ота­ны­ның тілін­де сөй­ле­у­ге бау­ли­тын ата-ана­лар­дың алдын­да, бұл біздің ортақ аза­мат­ты­ғы­мы­зды бірік­тіріп, қалып­та­сты­ра­тын бола­ды. Қазақ тілінің дамуы осы­ған дей­ін ешқа­шан мұн­дай ауқым мен қарқын­ды біл­ген емес – қан­ша­ма қазақ еме­стер қазір­дің өзін­де қазақ тілін біледі: қиын, мен санай алма­дым, бірақ көп», – деді президент.

Осы рет­те ол Қаза­қстан­да ұлта­ра­лық тіл­десім тілі – орыс тілі – «орас­ан стра­те­ги­я­лық көр­ші­міз – Ресей­дің туған тілі» кеңі­нен қол­да­ны­ла­ты­нын еске салып өтті.

«Мем­ле­кет қаза­қстан­ды­қтар­дың бар­лық этни­ка­лық топ­та­ры­ның тіл­дерін дамы­ту тура­лы қам жей­ді. Біз үштіл­ділік­ті енді­ру қарқы­нын үдетіп келе­міз. Бұл ойдан шыға­ры­лған нәр­се емес, бұл әлдекім­нің тіле­гі емес, бұл – қажет­тілік. Осы­ның өзін­де қаза­қстан­ды­қтар­дың 20%-ы ағы­л­шын тілін мең­гер­ген, яғни үш тіл­ді білу – жаһан­дық өмір­ге деген жол­да­ма, ол адам­ның өмір­де­гі табыст­ы­лы­ғы­ның қағи­да­ты. Жаһан­дық әлем­де біздің бала­ла­ры­мыз ғалам­шар­дың аза­ма­ты бола­ды – оларға әр жер­де жұмыс жаса­уға тура келеді және олар осы­нау қиын дүни­е­де өздерін судағы балы­қтай сезі­нуі тиіс», – деп есеп­тей­ді ол.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн