Воскресенье , 20 апреля 2025

Сайлаушылардың таңдау ЕРКІНДІГІ ШЕКТЕЛДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №17 (288) от 29 апре­ля 2015 г.

 

Апта апты­ғы

Сар­саң

 

ЕҚЫҰ бақы­ла­у­шы­лар мис­си­я­сы Қаза­қстан­да 26 сәуір­де өткен пре­зи­дент сай­ла­у­ын­да шынайы оппо­зи­ци­я­ның жоқты­ғы­нан және аза­мат­тар­дың еркін біл­ді­ру құқы­ғы шек­тел­ген­дік­тен, сай­ла­у­шы­лар­дың таң­да­уы шек­тел­ді деп мәлімдеді.

 

ЕҚЫҰ Адам құқы­қта­ры және демо­кра­ти­я­лық инсти­тут­та­ры бюро­сы сай­ла­у­ға бақы­лау жасау мис­си­я­сы­ның бас­шы­сы Кор­не­лия Йон­кер Аста­на­да бри­финг­те Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев 97,7 пай­ыз дауы­спен жеңіс­ке жет­кен сай­ла­уда «шынайы оппо­зи­ция бол­маға­нын» айт­ты. Ол «Іс басын­дағы пре­зи­дент пен оның пар­ти­я­сы сая­сат­та үстем­дік ете­ді және сай­ла­у­шы­ларға таң­дау жасай ала­тын­дай шынайы сая­си бала­ма ұсы­ныл­ма­ды», – деді.

Кор­не­лия Йон­кер өзге кан­ди­дат­тар Назар­ба­ев­тың «жетістік­терін» ашық мақтаға­нын айт­ты. Йон­кер сай­ла­уда бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры мен ой-еркін біл­ді­ру еркін­ді­гі «кәдім­гі­дей шек­тел­генін» жеткізді.

ЕҚЫҰ мәлім­де­месін­де «сай­ла­у­шы­ларға жап­пай қазір­гі пре­зи­дент­ке дауыс беру­ге және іс-шара­ларға қаты­суға қысым жаса­лып жатқа­ны тура­лы сенім­ді деректер «үрей­сіз дауыс беріл­ді» деген­ге күмән кел­тіреді делін­ген. Бақы­ла­у­шы­лар сай­лау ұйым­дасқан түр­де өтті дегені­мен, «дауыс беру, дауы­стар­ды санап, нәти­жені есеп­теу кезін­де заң бұзу­шы­лы­қтар мен бюл­ле­тень­ді топ­тап салу оқиға­ла­ры» бай­қалға­нын айтады.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн