Пятница , 2 мая 2025

Алтынай Жорабаева: «Қара тізімге» ЖАУАП

Дау-дамай

 

Нешетүр­лі адам­дар бар екен-ау! Менің алдын­да елба­сын құт­ты­қтап салған постым­ды бүкіл интер­нет талқы­ға салған­да­ры­на жол бол­сын. «Қара тізім» дегенім – өз парақ­шам­да бло­кқа қоя­мын дегенім ғой (Инста­грам). Елба­сын жаман­да­маң­дар, менің парақ­шам­ды ласта­маң­дар деген ойым­ды тыр­нақтың асты­нан кір іздеп, Ақбе­рен Елге­зек деген аза­мат өзінің «Ұлт» пор­та­лы сай­тын­да басқа­ша оймен жари­я­лап­ты. Әрине, өзінің рей­тин­гін көте­ру үшін. Әрине, ондай тақы­рып­ты көр­ген­де, халы­қтың маған деген теріс пікірі туа­ды. «Мына қатын туып отыр­май ма, сая­сат­та несі бар, абай­лаң­дар КНГ-ға тоқыл­дап жүр­месін, сізді халық қара тізім­ге қояды» деген нешетүр­лі пікір­лер­ді жазып­ты. Мен сая­сатқа ара­ласқан жоқ­пын, тек қана елба­сын құт­ты­қта­дым және жаман пікір қал­дыр­ма­сын дедім. Пат­ша­ны Аллаһ таң­дай­ды деген­ге, «при­чем тут Аллаһ» деген­ді де айтып жатыр. Оты­рып алып мін іздейді.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн