Воскресенье , 20 апреля 2025

ТОПАНСУ Шығысқа да жетті

Шығыс Қаза­қстан облы­сы­ның Зырьян ауда­нын­да су басуға бай­ла­ны­сты төтен­ше жағ­дай жари­я­лан­ды, деп жаза­ды Azattyq.org

Облы­стық төтен­ше жағ­дай­лар депар­та­мен­тінің бас­пасөз қыз­мет­кері Ана­ста­сия Скляр­дің «Азатты­ққа» айтуын­ша, Зырьян ауда­нын­да су тасу қау­пі туын­даған. Аудан­ның су басу аймағын­да орна­ласқан жеті елді мекенін­де 28 сәуір­ге қараған түні тұрғын­дар­ды көші­ру басталған. Скляр­дің сөзіне қараған­да, Быко­во, Бая­новск, Путин­це­во, Зубовск, Мале­ев­ка, Пары­ги­но және Сне­ги­ре­во ауыл­да­ры­нан 976 адам, оның ішін­де 217 бала көшіріл­ген. Құр­бан болған, я зардап шек­кен­дер тура­лы мәлі­мет жоқ.

Депар­та­мент өкілінің сөзін­ше, екі транс­фор­ма­тор­дың су басуы­на бай­ла­ны­сты Зубовск, Мале­ев­ка, Ново­ка­ли­нов­ка және Путин­це­во ауыл­да­ры электр қуа­ты­нан ажыратылған.

Шығыс Қаза­қстан облы­сын­да күн­нің күрт жылы­нуы мен қар­дың еруі және толас­сыз жауын өзен­дер мен су қой­ма­ла­рын­дағы су дең­гей­ін көтер­ген. Қатонқа­рағай ауда­нын­дағы елді мекен­дер­де де су тасу қау­пі бар. Облы­стағы екі жол­дың кей­бір бөлік­терін­де жол қозға­лы­сы тоқтатылған.

Қаза­қстан­да сәуір айын­да су тасқы­ны­нан Ақмо­ла, Қараған­ды және Сол­түстік Қаза­қстан облы­ста­рын­да да ондаған елді мекен зардап шекті.

Бұл екі ара­да «ҚазАв­то­Жол» Ұлт­тық ком­па­ния» АҚ басқар­ма­сы­ның төраға­сы Ермек Кин­за­тов Қаза­қстан­да су тасқы­ны бұзып кет­кен жол нысан­да­рын қал­пы­на кел­ті­ру үшін ҚР үкі­метінің қоры­нан Т2,6 млрд бөлі­неді, деп хабарлады.

«Қазір­гі таң­да оның шығы­ны шама­мен 2 млрд 600 млн тен­гені құрап отыр, бұл қар­жы үкі­мет қоры­нан бөлі­неді және сол нысан­дар­ды қал­пы­на кел­тіру­ге жұм­са­ла­ды. Атап айт­сақ, 3 көпір, 7 су өткі­зу құбы­ры, 23 шақы­рым авто­жол мен жол жиегі. Бүгін­гі жағ­дай осы­лай, толық ақпар су тасқы­ны толы­ғы­мен аяқталға­сын бел­гілі бола­ды», – деді Е.Кинзатов сей­сен­бі­де­гі брифингте.

Оның ақпа­рын­ша, қазір­гі таң­да 10 учас­ке­де көпір­лер мен құбыр­лар бұзы­лған, 50 жол учас­кесінің жиегін су шай­ып кет­кен. «Соны­мен қатар Шығыс Қаза­қстан облы­сын­да 3 көпір толық бұзы­лған, сосын Пав­ло­дар облы­сын­да. Өкініш­ке орай, бүгін жаңа­дан хабар келіп түсіп жатыр, Өске­мен­ді Улья­нов­скі­мен бай­ла­ны­сты­рып тұрған авто­жол­да да көпір­ді су шай­ып кет­кен… Қазір жөн­деу-қал­пы­на кел­ті­ру жұмыста­ры жүр­гізілу­де, бар­лық жер­де айна­лып өтетін жол­дар бар», – деді Е. Кинзатов.

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн