Понедельник , 7 июля 2025

 Сайлау күнгі АНЕКДОТТАР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №17 (288) от 29 апре­ля 2015 г.

 

 

Жан Тілеу:

Ең қым­бат спек­такль: сай­ла­у­ға 5,5 мил­ли­ард тең­ге жұмсалыпты…

 

Мақ­сат Ілиясұлы:

– Аға, дауыс бер­діңіз бе? – деп сұра­ды бір жас танысым.

– Жоқ! – дедім мен.

– Неге бармадыңыз?

– Мен дауыс беретін адам­ның фами­ли­я­сы бюл­ле­тень­ге жазыл­май қалыпты…

 

Тоқтарәлі Таң­жа­рық:

Құсай­ы­нов Әбілға­зы сай­ла­удың алдын­да 100 мың қол­ды қалай жинаған? Осы жолы 57 мың адам әзер дауыс беріпті. )))

 

Жанат Асанқа­ли:

Сай­ла­уда Н. Назар­ба­ев 97,5% емес, 50,5% дауыс жинаған­да, халық алдын­да беделі шынайы түр­де екі есе арта­тын еді.

 

Гүл­жан Ерғалиева:

Бұл марқұм Алтын­бек Сәр­сен­ба­ев­тан 2005 жылғы пре­зи­дент­тік сай­лау өткен күн­гі таң­да есті­ген анек­до­тым­ның жалға­сы: «Зағи­па Бали­е­ва (ол кез­де ОСК-нің төрай­ы­мы) Назар­ба­евқа кіріп, сай­лау қоры­тындысы тура­лы қаға­зын көр­се­те алмай бүгежектепті.

– Қолы­ң­да ұстаға­ның не? – деп сұрап­ты шеф.

Зағи­па әрең дем алып, қағаз­ды ұсыныпты:

– 16 пайыз…

– Ал мен мына жер­ден 91 пай­ы­зды көріп тұрмын…

Шама­сы, кеше Тұрғанқұ­лов (ОСК-нің қазір­гі төраға­сы) 76 пай­ыз алып кір­се, қожай­ы­ны оны «97» деп көр­ген шығар…

 

Сер­гей Дуванов:

Руся бала­бақ­ша­дан көңілі лепіріп, арса­лаң­дап келді.

– Мен Нұр­сұл­тан Назар­ба­е­ви­чті сай­лай­мын! – деді ол аузы­нан көбі­гі көпіріп.

– Жоқ, Руся, – деді оған ана­сы. – Жасы 18-ден кіші бала­лар сай­ла­уда дауыс бере алмайды.

– Неге?! – деп Руся бұр­тиып қалды.

– Себебі олар әлі ақыл­сыз, – деп жау­ап бер­ді анасы.

 

Жан Тілеу:

Пре­зи­дент қабыл­да­уын­да бір әйел оған 8 мил­ли­он (!) әйел­дің аты­нан махаб­ба­тын жария етті. Пре­зи­дент: «Сул­тан Сулей­ман отды­ха­ет» деп күлді (?)…

Соған таң­быз. «Анау қатын­ның бүкіл әйел­дің аты­нан сөй­ле­у­ге қан­дай қақы бар?» – деп тыжы­рын­ды жұбайым.

Шүкір, жұбай­ым мені ғана сүйеді…

 

(«Фейс­бук» желісінен

ірік­теліп алынды)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн