ОБСЕ кемшіліктерді АТАДЫ

Бұл екі арада

 

Қазақстандағы президент сайлауы ұйымдасқан түрде өтті, алайда дауыс беру кезінде тәртіптік қателіктердің кеткені анықталды, деп хабарлады адам құқығы және демократиялық институт жөніндегі (АҚДИБ) ЕЫҚҰ бюросынан. «Дауыс беру және дауыстарды санау, нәтижені жинақтау, бюллетеньдерді тастау кезінде, заң бұзушылықтар мен тәртіптік қателіктер орын алды», – делінген дүйсенбідегі ЕЫҚҰ АҚДИБ мәлімдемесінде.

Мәлімдемеде миссия кездескен көптеген адамдардың сайлау тізімінің нақты екеніне күмән келтірмегенін айтады. Дегенмен, сайлау тізімін құру үшін жиналған ақпараттар бір үлгіде болмаған және қарама-қарсы тексеру тәртібі де бірнеше рет дауыс беруден қорғауға жеткіліксіз болған. Сонымен қатар ЕЫҚҰ АҚДИБ пікірінше, Қазақстанда нақты оппозиция жоқ.

ҚазТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн