Воскресенье , 20 апреля 2025

АЙНАЛАЙЫН, АЛТЫНАЙ, ренжіп жатыр халқың-ай…

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №17 (288) от 29 апре­ля 2015 г.

 

Қаз-қал­пын­да

 

Таны­мал әнші Алты­най Жора­ба­е­ва Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­ты дүние жүзін­де­гі ең мықты сая­сат­кер деп атай оты­рып, елба­сы­на тіл тигіз­ген­дер­ді қара тізім­ге жібе­ретінін айт­ты. Бұл жаз­ба­сын ол Instagram әле­умет­тік желісін­де­гі ресми парақ­ша­сын­да жариялаған.

«Елба­сы­на қар­сы пікір жазған­дар­ды қара тізім­ге жібе­ре­мін. Пат­ша­ны да Аллаһ таң­дай­ды, біз тек себеп­ші­міз. Кере­мет сын айтқы­штарға айта­рым, егер сіз кере­мет бол­саңыз, неге елба­сы­ның орнын­да емес­сіз? Одан да басқа елдер­ге қарап, шүкір дей­ік. Пат­ша­мы­зға ұзақ ғұмыр, ден­са­улық берсін!».

 

 

Comments

 

Жеті­сай

Пытыр­ла­тып, балаң­ды туып оты­ра бер­мей, сая­сат­та нең бар, жазған-ау! Әлде сен де пре­зи­дент­ке жал­бақтау арқы­лы «Халық артисі» ата­най­ын деп пе едің? Төрт бала тудың, енді тағы да тумай­сың ба, сая­сат сенің неңді алған?

 

Рашид

Ұйқы­сы тыныш, қар­ны тоқ, қал­та­сы қалың ағай­ы­нға Назар­ба­ев­тың болға­ны жақ­сы, әрине, бірақ бола­шақты да ойлау керек. Ертең шегірт­ке құсап, құмыр­сқа­дан нан сұрап отыр­май­ық, ішері­мізді ішіп, жегені­мізді жеп біт­кен­де. Ата-баба­мы­здан ама­нат қалған бүкіл Қазақ жерінің асты-үсті бай­лы­ғын оңды-сол­ды сатқан елдің бола­шағы жоқ. Абай ата­мыз айтқан­дай, «ғылым, еңбек, терең ой, қанағат, рахым ойлап қой, адам болам десеңіз» деп, қаза­қтың бола­шағы­на «өсек, өтірік, мақтан­шақ, ерін­шек, бекер мал шашпақ» деп, бүгін­гі қаза­қтың қараңғы­ла­ры­на өсиет.

 

Әсем Сағиқы­зы

Пре­зи­дент­ті сынаған­дар­ды емес, пре­зи­дент­ке дауыс бер­ме­ген­дер­ге не айтар екен­сіз, Алты­най ханым?

 

Рашид

Елба­сы қан­ша жер­ден даны­шпан бол­са да, ол жасы кел­ді, дема­лы­сқа кетуі керек. Мем­ле­кет басын­да жас, ден­са­улы­ғы бар, білім­ді және ең басты­сы – Ұлт­жан­ды аза­мат болуы керек. Ал пат­шаға келер бол­сақ, оған Алла­ның қаты­сы жок, әр пен­де Аллаға бір­дей. (Себебі Гит­лер, Ста­лин сияқты пат­ша­лар­ды Алла қой­маған шығар).

 

Вене­ра

Осы­ған дей­ін кәдім­гі­дей сый­ла­у­шы едім: ақыл­ды, пара­сат­ты деуші едім. Бәрі әншей­ін «сыр­ты бүтін, іші түтін» екен негізі. Жарай­ды, қол­дай­ды екен­сің – қол­да, ешкім қой демей­ді. Әркім­нің өз ойы бар, хақы­сы бар. Бірақ көп­ке ақыл айтқан­дай кім едің? Таны­мал әнші бол­саң, халы­қтың арқа­сын­да болып жүрсің…

 

Қазақ

Рашид бауы­ры­ма қосы­ла­мын, өте орын­ды айты­лған сөз. Ал мына Алты­най­ға келетiн бол­сақ, оның қары­ны тоқ, көй­ле­гі көк, ішкені – алдын­да, ішпе­гені – артын­да. Осы қара халы­қтың арқа­сын­да жұл­дыз болып жүр­ген жоқ па? Осын­дай жағым­паз­дар­ды жаным жек көредi: әніңді айтып, балаң­ды туып жүре берсейші.

 

Айман

Олар бай­лар­дың той­ы­на бара­ды, тек жақ­сы жер­лер­де жүреді, ал ауыл­ды аймақтарға бар­са, көрер еді халы­қтың қалай өмір сүріп жатқа­нын: жей­тін тамағы жоқ, кию­ге киі­мі жоқ, тұра­тын бас­па­на­ла­ры жоқ отба­сы­лар қан­ша­ма?! Осын­дай бай елде тұрып, олар­дың дәл бұлай жүруіне тіке­лей бір ғана адам себеп­ші деп ойлаймын.

 

Ақер­ке Әбдіманапқызы

«Қара тізім» – ол «банға» жібе­рем, «игнор» жасай­мын деген мағы­на­да. Болар елдің ұлда­ры бірін-бірі батыр дей­ді. Күн­шіл­дік­ті қояй­ы­қ­шы, қазағым!

ult.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн