Воскресенье , 20 апреля 2025

БІРЕУТАҚҚА, екеу – театрға қонды

Театр­дағы тағайындаулар

 

Күні кеше – пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға бір күн қалған­да, Алма­ты­дағы мем­ле­кет­тік театр­лар­да ауыс-түй­іс өтіп, жаңа тағай­ын­да­у­лар бол­ды. Қазақ өнерінің қара шаңы­рағы атанған М. Әуе­зов атын­дағы Ака­де­ми­я­лық дра­ма теат­ры­на ҚР еңбек сіңір­ген қай­рат­кері, Қаза­қстан Жастар одағы сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты Ерлан Біләл дирек­тор­лық қыз­мет­ке тағай­ын­дал­ды. Ал       Ғ. Мүсіре­пов атын­дағы бала­лар мен жасөс­пірім­дер теат­ры­ның бас­шы­лық қыз­метіне таны­мал про­дю­сер әрі актер Сәбит Әбді­ха­лы­қов бекітілді.

Мәде­ни­ет және спорт мини­стр­лі­гі әзір­ге аяқ асты болған бұл тағай­ын­да­у­лар­дың еш себеп-сал­да­рын ашып айт­па­ды. Ал мини­стр­лік­те­гі дереккөздің айтуы­на қараған­да, Алма­ты­дағы атал­мыш екі театр бұдан былай өзін-өзі қар­жы­лан­ды­руға көшетін сыңай­лы. Біреу таққа қонған күні еке­удің театр бас­шы­лы­ғы­на тағай­ын­да­луы өнер­ді нары­ққа көшірудің баста­ма­сы ғана бол­мақ. Сол себеп­ті екі теат­рға нарық жағ­дай­ын­да бас­шы­лық жасай ала­тын іскер аза­мат­тар тағайындалған.

 

Бет­ті дай­ын­даған – Жан­сая ЕРТАЙ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн