Суббота , 12 июля 2025

Орда бұза алмасаң, ҚАЙРАТТЫ СЫНА

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №17 (288) от 29 апре­ля 2015 г.

 

Ойдан-қыр­дан

Бәсе­ке?

 

Жуы­қта бірқа­тар қаза­қстан­дық интер­нет-сайт­тар «Орда» тобы­ның мүше­лері таны­мал поп-жұл­дыз Қай­рат Нұр­та­сты сынаға­нын жария етті.

 

«Орда­лы­қтар» бүгін­гі шоу-биз­не­сте­гі Қай­рат­тың «лидер» ата­нуы Қаза­қстан­дағы музы­ка­лық дең­гей­дің қан­дай дәре­же­де екенін көр­се­те­ді дей­ді. «Мыса­лы, дом­бы­ра – Шәм­ші Қал­да­яқо­втың туын­ды­ла­ры секіл­ді ұлт­тың мақта­ны­шы. Бірақ бұл 100% вальс, яғни одан неміс ком­по­зи­тор­ла­ры­ның шығар­ма­шы­лы­ғын­дағы сарын­ды да бай­қа­уға бола­ды. Сон­ды­қтан біз­ге: «Бұл біздің ұлт­тық музы­ка­мыз, ал сен­дер басқа нәр­се істеп жүр­сің­дер?» – деген халы­қты түсін­бей­міз. Бұл дұрыс емес, өйт­кені біз де осын­дай қазақ әуен­дерін дай­ын­да­уда­мыз», – дей­ді ағай­ын­ды Беделхандар.

Соны­мен қатар топ мүше­лері: «Әнді қалай шырқау керекті­гін халық айта­тын бол­са, Қай­рат Нұр­тас секіл­ді әншілер шыға­ды. Алай­да музы­ка­ның мықты­лы­ғын аны­қтай­тын – музы­кант қана. Ол халы­ққа жол тар­та­тын өнім үшін жау­ап­ты. Сон­ды­қтан кәсі­би таң­дау жаса­уды музы­кант өз қолы­на ала­ды», – дей­ді олар.

Әлбет­те, «әркім­нің өнер­ге бар тала­сы» демек­ші, «орда­лық» әншілер­дің қазақ эст­ра­да өнеріне жана­шыр­лы­ғын түсі­ну­ге бола­ды. Бірақ ол өнер­дің дең­гейі жоға­ры ма, жоқ әлде төмен бе – оны музы­кант­тан емес, сол өнер­дің бір­ден-бір тұты­ну­шы­сы – халы­қтан сұрау керек сияқты. Музы­кант сол тұты­ну­шы­ға «жоға­ры» дүние бере алма­са, оған Қай­рат Нұр­тас неге жау­ап беруі тиіс? Ол саз­гер жасаған «дүниені» халы­ққа жет­кі­зу­ші, яғни – құдай өзін­дік мақам­да дауыс бер­ген әнші ғана. Отыз жасы­ңа дей­ін орда бұзғың кел­се, Қай­рат­тың мың-мың тың­дар­ма­нын өзіңе бұрып ал. Ал «атың шық­па­са, жер өрте» демек­ші, өзіңді зор­лы­қ­пен таны­мал ету үшін, Қай­рат­ты қара­дай сынау – өнер­де­гі бәсе­ке­ле­стік­тің бел­гісі бол­ма­са керек.

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн