Суббота , 12 июля 2025

ҮНПАРАҚ НЕНІ ҮНДЕГЕН

Екін­ші Дүни­е­жүзілік соғыс кезін­де қаза­қтарға жіберіл­ген листовкалар:

Қаза­қтар!

Көп жыл­дар­дан бері боль­ше­вик­тер мен жүхүт­тер (жөйт­тер) қол астын­да езіл­діңіз­дер. Олар сіз­дер­ді ұрды, соқты, тұтқы­нға алды, мың­даған кінәсіз­дер­ді Сібір­ге айда­ды. Сіз­дер­ді зор­лы­қ­пен кол­хозға кір­гізіп, еріксіз құл қыл­ды. Өлім алдын­дағы боль­ше­вик­тер — Ста­лин қазір де сіз­дер­ді қой­дай топ­тап, өздерін сақтап қал­мақ үшін, біздің оққа қар­сы айдап жатыр, сіз­дер біздің күшті құра­лы­мы­здың қар­сысын­да босқа құрып кетесіз­дер. Өткен июль айын­да сіз­дер үйлеріңіз­де едіңіз­дер, ал қазір Ста­лин­нің дик­та­ту­ра­сы үшін сіз­дер­ді өлім­ге, фрон­тқа айдап келді.

Сіз­дер­ге өш ала­тын күн туды. Күнәсіз өліп кет­кен бауыр­ла­ры­ңыз үшін өш алыңыздар!

Орыс боль­ше­вик­тер жен­дет­теріне жәр­дем бермеңіздер!

Гер­ман елі сіз­дер­ге қол үшін созды!

 

Аманға­ли Әбу­ов: Негізі кім­ге құл бол­саң да, жақ­сы­лы­ғы жоқ. Бірақ неміс жең­ген­де, қазақ бүгін­гі­дей қыры­лып, рух­сызда­нып, оры­сқұл­да­нып кет­пес еді. Неміс әскері басып алған Еуро­па елдерін­де оры­стың оспа­дыр­сызды­ғы болған жоқ. Жал­пы мем­ле­кетінің тер­ри­то­ри­я­сы шек­тес­пей­тін импе­ри­я­ның бода­ны болу – тер­ри­то­ри­я­сы шек­тесіп жатқан импе­ри­я­ның бода­ны болу­дан әлдеқай­да дұрыс қой. Ресей­дің бода­ны болған 300 жыл­да жері­міздің біраз бөлі­гін өзіне қара­тып алды. Қалған тер­ри­то­ри­я­мы­зға мил­ли­он­дап орыс, сла­вян, өзге халы­қтар­ды әкеліп қоны­стан­дыр­ды. Осы­лай­ша бір­тін­деп халқы­мы­зды оры­стан­ды­рып, жері­мізді тұтас иеленіп алу­ды көк­седі (әлі де көк­сеп отыр).

Ал Ағы­л­шын, АҚШ, Гер­ман елдерінің бірінің қол астын­да болып, бода­ны болға­ны­мы­зда, жағ­дай­ы­мыз бүгін­гі­ден әлдеқай­да жақ­сы, жері­міз тұтас, халқы­мы­здың саны 4 есе­дей көп, тілі­міз, діні­міз өз орнын­да болар еді. Деген­мен, «мың өліп, мың тіріл­ген» қаза­ққа Жаратқан мың бірін­ші мәр­те өлмеу үшін тағы бір мүм­кін­дік беріп отыр. Осы жолғы еге­мен­ді­гі­мізді толық азатты­ққа жет­кі­зе алсақ, Мәң­гілік ел – жер беті­нен жой­ыл­май­тын мем­ле­кет­тер­дің біріне айна­лар едік.

(«Фейс­бук­тағы» парақшасынан)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн