Суббота , 12 июля 2025

ЛЕНТА ТАРАТҚЫШ ЕЛШІЛІК Ресей азаматтығын да таратып жатыр

 

Рес­пуб­ли­ка­лық «Бола­шақ» жастар қозға­лы­сы ұйым­да­сты­рған «Екін­ші Дүни­е­жүзілік соғы­сқа қай­та баға беретін кез кел­ді» деген дөң­ге­лек үстел­де Ресей елшілі­гінің әре­кетін сын тезіне алдым… «Лен­та таратқыш» елшілік Қаза­қстан­да оты­рып-ақ отан­даста­ры­мы­зға Ресей аза­мат­ты­ғын беріп жатыр. Құдай бетін ары қыл­сын, бұлай жалға­са бер­се, Қырым сце­на­рийі бас қала­мыз Алма­ты­да қай­та­ла­нуы мүм­кін. Сон­ды­қтан, Екін­ші дүни­е­жүзілік соғыс­қа, оры­сқұл­дар мен орыс­шыл­дар тұм­сы­ғын сұға­тын кез кел­ген салаға қаза­қы көзқа­рас­пен қара­уы­мыз қажет.

Қаза­қстан­да бипа­три­от­тар­дың көбе­юіне Ресей тара­пы «қомақты» үлес қосып жатыр. Ғалам­тор бет­терін ашсаңыз, «Қаза­қстан аза­ма­ты Ресей аза­мат­ты­ғын қалай ала­ды?» деген секіл­ді талқы­ла­у­лар­дан аяқ алып жүру мүм­кін емес. Ең сорақы­сы – сол заң­дық тұрғы­да Қаза­қстан шека­ра­сы­нан шық­пай-ақ, Ресей аза­мат­ты­ғын алуға бола­ды екен. Оны Ресей­дің Қаза­қстан­дағы елшілі­гі жүзе­ге асы­ра­ды. Жар­на­ма­сы­на қара­саңыз, жағаңы­зды ұстай­сыз. Онда аза­мат­ты­қтың құжат­та­рын Ресей­ден гөрі, Қа­зақстанда рәсім­деу жыл­дам, әрі тиім­ді екені жазы­лған. Талап­та­ры да қызық… Егер де сіздің әкеңіз неме­се шешеңіз Ресей аза­ма­ты бол­са, 2002 жыл­дың 1 шіл­десі­нен кей­ін Ресей­де­гі арна­у­лы неме­се ЖОО-да оқы­саңыз, кезін­де КСРО аза­ма­ты болып, қазір ешбір елдің аза­мат­ты­ғын алмаған бол­саңыз, Ресей­дің елшілі­гіне бара­сыз да, қызыл төлқұ­жат­ты жан қал­таңы­зға басып шығасыз.

Бұл нені біл­діреді? Бұл – елі­міз­де­гі кез кел­ген адам Ресей мем­ле­кетінің аза­ма­ты бола ала­ды деген сөз. Олар Ресей аза­маттығын алған­нан кей­ін көшіп кете ме? Сұраққа нақты жау­ап беру қиын. А, айт­пақ­шы орыс тілі­нен сынақ тап­сы­руға мін­дет­тісіз. Ол сынақтың өзін Қаза­қстан­дағы «Зна­ние» қоғам­дық қоры өкіл­дері қабылдайды.

Қанат ӘБІЛҚАЙЫР,

Abai.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн