Среда , 14 мая 2025

ИМАМДАРҒА бірыңғай шапан КИГІЗЕМІЗ

Дұрыс екен!

 

 

Қаза­қстан мұсыл­ман­да­ры­ның діни басқар­ма­сы (ҚМДБ) діни қыз­мет­кер­лер үшін біры­ңғай шапан үлгілерін бекіт­ті. «Дін қыз­мет­кер­лері үшін жаңа шапан үлгісі әзір­лен­ді. Киім сапа­лы және жаңа сән үлгісі­мен жаса­лын­ды», – делін­ген ҚМДБ сай­тын­да жари­я­ланған хабарда.

 

Хабар­да айты­лған­дай, бір­не­ше жыл­дан бері дін­дар­ла­ры­мыз жаз­да жаға­сы мен жиек­тері оюланған ақ шапан киетін. Ал қыста киетіні – жаға­сы­ның түсі қара барқыт шапан. Бір сән ате­льесін­де тігіл­ме­ген­дік­тен, ақ деген түсінің өзі әркел­кі, қара­сы да тап солай бола­тын. Осы­ның нәти­же­сін­де ұлт­тық нақы­штағы ою-өрнек­тері­мен де, түсі­мен де бір-бірі­нен ерекше­лен­ді. Осы әртүр­лі киім үлгілерін бір ізге түсі­ру мақ­са­тын­да Қаза­қстан мұсыл­ман­да­ры діни басқар­ма­сы­ның кеңей­тіл­ген төралқа мәжілісін­де екі түр­лі шапан үлгісі қара­лып, талқы­ла­нып бекітілді.

Бұған дей­ін­гі әркел­кі шапан үлгісіне жол бер­мес үшін, шапан үлгілері де тек бір жер­ден, нақты­рақ айтқан­да, «Би ана» жау­ап­кер­шілі­гі шек­те­улі серік­те­сті­гі­нен (Алма­ты қ. Сей­фул­лин даңғы­лы, 287, «Сер­вер» аял­да­ма­сы, e‑mail: byana-firna@mail.ru, тел.: 380−60−08, 380−60−09) жеке­лей де, ұжым­дық түр­де де тап­сы­ры­спен тік­кі­зу жөнін­де келісілді.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн