Четверг , 15 мая 2025

Қазақ эстрадасы «ӘЛДИ-ӘЛДИ» әуенге толды…

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №19 (290) от 14 мая 2015 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 

Эст­ра­да әле­мінің әйел әртістері үшін биы­лғы жыл «төл­ді» болар түрі бар. Жыл­дың басын өмір­ге бесін­ші сәбиін әкел­ген сыр­шыл-саз­гер Роза Әлқо­жа «ашқан» еді, оны Мар­жан Ара­п­ба­е­ва мен Бей­біт Сей­дуә­ли­е­ва қостай жөнелді.

 

Ал тая­у­да шоу-биз­не­сте өзін­дік әні мен стиль­ді сәні­мен ерекше­лен­ген Сиви Махму­ди екі ұлдың арты­нан қыз бала­ны дүни­е­ге әкел­ді. «Ерекше» дей­тіні­міз – Сала­мат пен Саға­дат­тың ізін жалға­сты­ру­шы сәбидің есі­мін әнші Cиви­ет­та елден ерек етіп, Сали­дат қойыпты.

Айт­пақ­шы, Сиви-сұлу­ды пер­зент­ха­на­дан шыға­рып, үйіне құт­ты­қтап барған шоу-биз­нес өкіл­дерінің нөпірі көп. Бір топ­ты қазақ эст­ра­да­сы­ның айна­сы Мақ­пал Жүні­со­ва бастап барыпты.

Сол сияқты «Тұңғыш рет рок айтқан қыз» деп, Қаза­қстан­ның рекорд­тар кіта­бы­на енген Әсем Көп­ба­е­ва да тұңғыш рет ана атан­ды. Ол өз бүл­дір­шініне араб тілі­нен аударған­да «дана­гөй», «ақыл­ды» деген мағы­на­ны біл­діретін Ари­фа деген ат бер­ген екен.

Ал кезін­де «Шан­шар», кей­ін­нен «Алда­рас­пан» мен «Мафия-тақия» театр­ла­рын­да өнер көр­сет­кен Жұл­ды­зай Дүй­сен­би­е­ва өткен жыл­дың жазын­да отба­сын құрған еді. Тая­у­да оған да ана ата­ну бақы­ты бұйырды.

Шоу-думан әле­міне жуық жүретін ақпа­рат көзінің айтуын­ша, «әне-міне» деп, эст­ра­да­ның тағы да бір­не­ше сұлуы буы­нып-түй­ініп оты­рған сияқты. Қалай болған­да да, туға­ны бар, туа­ры бар – сахна­дан басқа да сыр­лы-жыр­лы дүниенің қызы­ғы­на батқан қыз-қырқы­нға құт­ты бол­сын­нан басқа айта­ры­мыз жоқ.

Ал енді «туған­дар­дың» тобы­на Алмас Кіш­кен­ба­ев қалай кіріп кет­ті деп сұрай­сыздар-ау? Оның да реті бар сияқты. Ол жуы­қта елі­міз­де ең мықты сана­ла­тын «Ана мен бала» ұлт­тық ғылы­ми орта­лы­ғы­на реніш айтып­ты. Ол өзінің «Instagram» парақ­ша­сы­на: «Ана мен бала орта­лы­ғы­ның қыз­мет көр­се­туі өте-мөте нашар» деп жазыпты.

Айда­ла­дағы Алмас оны қай­дан біліп қой­ды? Яғни, әншінің жары Мөл­дір­дің аяғы ауыр деген сөз. Ол аузы-мұр­ны­нан «шығып оты­рған» Мөл­дірін сол орта­лы­ққа апарған, ал ондағы­лар: «Мына­ның өзі әлі бала ғой!…» деген сыңай­мен әке болғы­сы кеп жүр­ген әнші­ге мұрын­да­рын шүй­і­ре қараған. Соған Кіш­кен­ба­ев кіш­кене рен­жіп, бар айт­пағын айқа­ра ақта­ра салған. Шама­сы, енді оның Мөл­дірі ол орта­лы­қтан опа тап­пай­тын шығар: басқа пер­зент­ха­на ізде­у­ге тура келеді…

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн