Түркістан СТАЛИННІҢ көзін құртты

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №20 (291) от 21 мая 2015 г.

 

Апта аптығы

 

Бәрекелді!

 

 

Өткен жұма күні Түркістандағы Иқан ауылының (ОҚО) тұрғындары иманды іс жасап, 60 жыл бойы тастай қатып тұрған Сталиннің ескерткішін алып тастады.

Бұл ескерткіш ауыл ортасына 1954 жылы орнатылған екен. Өткен жылы қатты дауыл кезінде ескерткіш құлап қалып, сол ауылда тұратын бірер өзбек ағайындар өз қаржыларына оны қайтадан орнатқан көрінеді. Бірақ әсіресе Украинадағы ресейлік шапқыншылықтан кейін ауылдың саналы азаматтары бас көтеріп, ескерткішті алып тастау жөнінде бастама көтерген көрінеді.

Ақыр соңында былтыр Сталинді «қалпына келтірген» ағайындар өз еріктерімен ескерткішті алып тастауға мәжбүр болған. Негізі – бұл «Сталин» сонау кеңестер кезінен бері мемлекеттік меншік есебінде тұрса да, оның тапа-тал түсте алынып тастағанына жергілікті әкім мен полиция ләм-мим демеген екен.

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн