Среда , 27 августа 2025

АША МАТАЙ Әлиханға араша түсуді СҰРАЙДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №20 (291) от 21 мая 2015 г.

 

 

Өткен жек­сен­бі күні бел­гілі теле­жұл­дыз Аша Матай баста­ма­шы болған таны­мал шоу-жұл­ды­здар тобы Алма­ты­да қай­ы­рым­ды­лық жәр­мең­кесін өткізді. Құр­бы­ла­ры әрі әріп­те­стері Қар­лы­ғаш Мұха­меджа­но­ва мен Оль­га Ким атса­лы­сқан бұл шара бары­сын­да Аша Матай тән­ті жұрт­шы­лы­ғын қатер­лі дерт­ке шал­ды­ққан бес жасар Әли­хан Айдар есім­ді бала­ның ем-домы­на қажет­ті қар­жы жина­уға үндеді.

Түр­лі әше­кей бұй­ым­дар, сән­гер маман­дар­дың қолы­мен тігіл­ген киім-кешек сауда­ланған бұл жәр­мең­ке бары­сын­да түс­кен қара­жат Әли­хан­ның ана­сы­на тап­сы­рыл­ды. Әрине, бір шара­ның бары­сын­да жиналған ақша бүл­дір­шін­нің ем-домын толық жауып таста­уы мүм­кін емес. Ең басты­сы – қатқыл заман­да қай­ы­рым­ды­лық көр­се­ту арқы­лы айна­лаға шуақ шашуға бола­рын дәлел­деу. Жак­сы­лық жасау – сау­ап, қай­ы­рым­ды­лық – қадір­лі іс. Енде­ше Әли­ханға ара­ша түсуді сұраған шоу-жұл­ды­здың баста­ма­сын қол­да­у­шы ағай­ын бол­са, Аша Матай­ға asha_matai ака­ун­ты­мен Instagram парақ­ша­сы арқы­лы хабар­ла­суы­на болады.

Жан­сая ЕРТАЙ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн