Воскресенье , 6 июля 2025

НАЗАРБАЕВ өзінің ресейшілдігін ДӘЛЕЛДЕДІ

 

Ресей­дің «Рос­сия 24» теле­ар­на­сы мамыр­дың 26-сын­да Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тан алы­нған сұх­ба­тын жари­я­ла­ды. Сұх­бат­та Қаза­қстан пре­зи­ден­ті әлем­дік эко­но­ми­ка­лық дағ­да­рыс, Укра­и­на­дағы жағ­дай, «Қытай­дың Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­на ықпа­лы» жай­лы айтқан.

Назар­ба­ев «Қаза­қстан үшін дағ­да­рыс сыр­тқы үш фак­тор­дың әсері­нен туын­да­ды. Алға­шқы­сы — Қаза­қстан экс­порт­тай­тын мұнай-газ бен металл баға­сы­ның арзан­да­уы. Екін­ші себеп — Ресей­ге салы­нған заң­сыз санк­ция. Санк­ция БҰҰ-ның мақұл­да­уын­сыз салын­ды. Бұлар, әрине, көр­ші­міз Ресей­дің дамуы­на кедер­гі кел­тіріп отыр. Ресей – біз­ге көр­ші, әрі біз үшін үлкен нарық. Қаза­қстан Ресей­мен бір­ге Еура­зия эко­но­ми­ка­лық одаққа мүше» деді.

Жур­на­лист Қаза­қстан пре­зи­ден­ті­нен «пост­со­вет­тік кеңістік­те­гі дана сая­сат­кер ретін­де» «Санк­ция салы­нған екен, енді оған қалай болған­да да бей­ім­де­лу керек пе, әлде санк­ци­я­ның жой­ы­лға­нын күт­кен жөн бе?» – деп сұрады.

Назар­ба­ев «санк­ци­яға үйреніп кету мүм­кін емесін» және оның «бар­лы­ғы­на бір­дей зия­ны тиетінін» айтты.

– Еуро­па­ның өзін­де бір-біріне санк­ция салған­ды кей­біре­улер қол­дай бер­мей­ді. Бірін­ші­ден, еуро­па­лық іскер адам­дар­дың көбі капи­тал салып, ақша таба­тын Ресей сияқты үлкен нары­қтан айы­рыл­ды. Ресей жағы­ның да бұдан тар­тқан шығы­ны үлкен. Сон­ды­қтан да санк­ци­ядан ешкім ұтпай­ды. Бірақ мұн­дай қиын­ды­қтар бұрын да болған, – деген Назар­ба­ев СССР-дің де санк­ция астын­да өмір сүр­генін айтты.

– Мұн­дай санк­ци­я­лар 1980 жылғы Мәс­кеу олим­пи­а­да­сы кезін­де салын­ды, ауған соғы­сы­нан соң тіп­ті күшей­ді. Бірақ мұның бар­лы­ғы­ның не кере­гі бар? – деді Назарбаев.

Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев санк­ци­я­лық сая­сат­тың Укра­и­на­дағы жағ­дай­мен бай­ла­ны­сты екенін, Укра­и­на­дағы аху­ал­дың ұшты­ғы Ресей­ге де тигенін айт­ты. «Ресей мен Укра­и­на­ның өза­ра түсіністік­ке келіп, тіл табы­са­тын уақы­ты тая­ды. Еуро­па­лық жетек­шілер де мұны қалап отыр», – деді Қаза­қстан президенті.

Халы­қа­ра­лық эко­но­ми­ка­ның өз ере­же­лері бар. Бүгін ешнәр­се істе­ме­сек, кей­ін не бола­ды?» – деді Назар­ба­ев. Айтуын­ша, Аста­на Пекин­мен бір­не­ше кәсі­по­рын құры­лы­ста­ры­на қаты­сты келісім жаса­су үстінде.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн