Воскресенье , 20 апреля 2025

Ақтауда ауызсу ҚЫМБАТТАЙДЫ

 

Ақта­уда өткен қоғам­дық тың­да­у­лар­да «Кас­пий жылу, су арна­сы» МКК (КЖСА) дирек­то­ры Ыхы­лас Көшер­бай өздерінің су тасы­мал­дау, жылу энер­ги­я­сы мен су тара­ту бой­ын­ша көр­сетіп оты­рған қыз­мет­теріне тариф­тер­ді көте­ру­ге мәж­бүр­леп оты­рған себеп­тер тура­лы айтып бер­ді, деп хабар­ла­ды ҚазТАГ.

«Инже­нер­лік желілер­дің орта­ша тозы­ғы 86%-ды құрай­ды. Кәріздік су сорғыш стан­са­лар­дың жаб­ды­қта­ры мен тазар­ту құры­лғы­ла­ры мораль­дық тұрғы­дан тозған», – деді кәсі­по­рын жетекшісі.

Көшер­бай мыр­за­ның айтуын­ша, ескі желілер­ді қал­пы­на кел­тіріп, тозған тех­ни­ка­лар­ды алма­сты­ру үшін, су, жылу тасы­мал­дау және кәріз баға­сын көте­ру керек. Өйт­пе­ген жағ­дай­да, оның айтуын­ша, «қала­ны ком­му­нал­дық апат, ал кәсі­по­рын­дар­ды – кезек­ті банк­рот­тық күтіп тұр».

Егер анти­мо­но­поль­дық ведом­ство тариф­тер­ді бекіт­се, онда 1 тамы­здан бастап түбір­тек­тер­де төле­нетін сома ұлға­я­ды. КЖСА өкіл­дерінің мәлі­мет­терін­ше, екі бөл­мелі пәтер үшін тариф 35%-ға арта­ды (тұты­ну­ды есеп­ке алмағанда).

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн