Ең төменгі мөлшер – КҮНКӨРІС ЕМЕС

Бұл екі арада

Қазақстанда 2015 жылдың қыркүйек айында ең төменгі күнкөріс мөлшері Т20 442 құрады, бұл өткен айдың көрсеткішінен 1,4%-ға төмен, деп көрсетілген ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің хабарында.

 

Статмәліметтерге сәйкес, негізгі азық-түлік өнімдерін тұтынудың минималды нормаларынан шығатын жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс мөлшері биылдың қыркүйегінде 2014 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 8,9%-ға, былтырғы жылғы сәйкес аймен салыстырғанда 0,6% өскен еді.

Ең төменгі күнкөріс мөлшерінің құрылымында есептік кезеңде ет пен балық сатып алуға деген шығындар үлесі 20,3%-ды алған, сүт, май өнімдері мен жұмыртқа – 15,4%, жеміс-жидек пен көкөніс – 14,6%, нан өнімдері мен жарма өнімдері – 7,6%, шекер, шәй және дәмдеуіштер – 2,1% болды.

ҚазТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн