Қант неге ҚЫМБАТ?

 

Астанада соңғы айда қант 35,6% қымбаттап, 1 келісі Т240 болғанын ҚазТАГ агенттігінің ай сайын бағаларға жүргізген мониторингі көрсетті.

Агенттік тілшілерінің мәліметтерінше, Астана мен Алматыда қант бағасы орташа алғанда 1 келі үшін Т240 болады және егер Алматыда қант бір айда Т20-ға қымбаттаса, елордада – Т63-ке қымбаттады.

Өскеменде де осындай қант бағасы тіркелді (+Т43), қант бағасының ең қымбаты тек Ақтауда ғана – 1 келі үшін онда Т243 төлейсіз. Атырауда бір айда қант бағасы едәуір қымбаттағаны байқалады – Т234 (+Т38). Ақтөбеде тамыздан бері қант Т14-ке қымбаттап, 1 келісі Т200 болды.

Сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірлерінде де қант бағасының қымбаттауы байқалады: Көкшетауда – Т48-ге қымбаттап, 1 келісі Т213 болса, Қостанайда 1 келісі Т189 (+Т29) болып отыр. Павлодар мен Семейде қант бағасы Т25 және Т30-ға қымбаттады.

Таразда қант бағасы Т5-ке қымбаттап Т205-тен сатылуда. Талдықорғанда қант бағасы 1 келі үшін Т218 тұрады. Қант бағасы арзандаған жалғыз қала – Петропавл – бұдан бір ай бұрын 1 келі қант Т195 болса, қазір онда Т186 тұрады.

ҚазТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн