Қазақстан қызықтары
Талдықорған тұрғыны жол қозғалысы ережесін бұзудан рекорд жаңартты, – деп хабарлайды 24KZ.
Қырғыз Республикасының мемлекеттік номер белгісі орнатылған Honda Odyssey автомобилі полицейлердің рейд шараларын жүргізу кезінде тоқтатылған. Оның бір облыс орталығының өзінде 456 рет ереже бұзғаны анықталды. Ұсталған жүргізушінің барлық ереже бұзу сәті қалалық автоматты фиксация жүйелеріне түсіп қалған.
Айыппұлдың жалпы сомасы 7,3 миллион теңгеге жетіпті. Егесі қарызды өтегенше автомобилі айып тұрағына қамалды. Полицейлердің айтуынша, айыппұлды төлеуден жалтарғаны үшін оған қатысты іс сотқа жолданады екен.
Тengrinews.kz