Воскресенье , 6 июля 2025

Ресейге қарсы ЖИҺАД жарияланды

Бұған бәре­кел­ді дей­міз бе?

 

Ресей Феде­ра­ци­я­сы­ның Кабул­дағы елшілі­гі жанын­да бір мезет­те бір­не­ше жары­лыс бол­ды. Жары­лғыш заттар­ды тер­ро­ри­стер орнат­ты деген ақпа­рат бар. Қазір ғима­рат қор­ша­уға алынған.

Бұған дей­ін Reuters ақпа­рат­тық агент­ті­гі Сауд Ара­би­я­сы­ның дін өкілет­тілі­гінің 53 мүше­сі Ресей­ге, Иранға және Сирия үкі­метіне қар­сы «жиһад» ұйым­да­сты­ру мәсе­лесін онлайн-режим­де шеш­кен болатын.

Соңғы кез­де Тәжік­стан­ның Қорған­тө­бесін­де орын теп­кен ресей­лік 201-әске­ри база­ның айна­ла­сын­дағы жағ­дай­лар шие­лені­се түс­кен. Ауған­стан­ның сол­түсті­гін­де тали­б­тер­дің қара­сы көбей­іп келе жатыр. Осы­дан тура бір апта бұрын Ресей әскері Сири­ядағы ИГИШ база­ла­рын жаны­штағанға дей­ін тали­б­тер Кун­дуз қала­сын басып алған болатын.

Бел­гілі болған­дай, Тали­бан жауын­гер­лерінің көп­шілік бөлі­гі бұры­нғы­дай ауған­ды­қтар (этни­ка­лық пуштун­дар) емес. Олар Орта Ази­я­ның жер­гілік­ті діни топ­та­рын құра­тын лаң­кестер: Өзбек­стан Ислам қозға­лы­сы, Ислам жиһад одағы және Анса­рул­ла жамаға­ты. Ара­сын­да шешен­дер, дағы­стан­ды­қтар, ұйғыр­лар, соны­мен қатар «Аль-Каи­да­ның» мүше­лері, ИГИШ пен Пәкістан­ның содыр­ла­ры бар. Бұл Тали­бан­ның енді жер­гілік­ті этно-топ­тар­дан құралған қозға­лыс емес екен­ді­гін анық көрсетеді.

Ресей СІМ хабар­ла­у­ын­ша, Ауған­стан­ның сол­түстік-шығы­сын­да тали­б­тер мен Ислам мем­ле­кет­тері қосы­лып, қауіп төн­діретін бір үлкен күш­ке айналға­лы отыр.

ult.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн