Воскресенье , 6 июля 2025

ИРАН-ҒАЙЫП   БАЯНЖЫЛАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №34 (305) от 08 октяб­ря 2015 г.

 

АЛДАСПАН

 

Баян –

Жыла­ды:

Жыла­ды –

Таза­рып…

Лақуа:

«Транс-Кай­ф­пен» –

Ғажай­ып!

 

Баян –

Жыла­ды:

Ән –

Тың­дап отырып…

Мен де –

Жыла­дым:

Күл­ген боп –

Өтірік.

 

Баян –

Жыла­ды:

«Рахатқа» –

Батқан­нан…

Мен де –

Жыла­дым:

«Аза­бын» –

Тар­тқан­нан!

 

Баян –

Жыла­ды:

Ана­лық –

Там­сан­нан…

Мен де –

Жыла­дым:

Ата­лық –

Аңсар­дан!

 

Баян –

Жыла­ды:

«Есі­нен» –

Танған­нан!

Мен де –

Жыла­дым:

«Есірік» –

Болған­нан!

 

Баян –

Жыла­ды:

Уақы­тқа –

«Ашы­на»…

Мен де –

Жыла­дым:

Ұлғай­ған –

Жасы­ма!

 

Баян –

Жыла­ды:

«Бағы­на» –

Маста­нып…

Мен де –

Жыла­дым:

«Сорым­ды» –

Жаста­нып!

Баян –

Жыла­ды:

Жүре­гі –

Езіліп…

Мен де –

Жыла­дым:

Жаным­нан –

Безініп.

 

Баян –

Жыла­ды:

«Қаза­ғым –

Ғажап…» –

Деп.

Мен де –

Жыла­дым:

«Өмірі –

Тозақ!» –

Деп.

 

Мен де –

Жыла­дым:

«Мүкіс –

Деп –

Құлағы!».

Баян да –

Жыла­ды:

«Мен бе –

Деп –

Кінәлі?!».

 

Сезді ме,

Сезбеді:

«Басы­рын –

Көз­дері…»

(О, Қашан –

«Абайы»:

«Жұр­ты­нан» –

Без­гелі!)

 

…«Улаған –

Сана­сын»:

«Даны­шпан-Дана­сын»!

«Жалғанға» –

Кіріп­тар:

«Шар­пы­сын –

Шала­сын»! –

 

Сезбей­ді!

Біл­мей­ді-ақ!

Сон­ды­қтан,

«Жылай­ды»:

Көңілі –

Кір­лей­ді-ақ,

«Кебінім» –

Сыңай­лы!

 

 

…Баян –

Жыла­ды:

Елітіп –

«Әуен­ге»!

Мен де –

Жыла­дым:

«Тәу­ел­сіз –

Тәу­ен­де»!

Баян –

Жыла­ды:

Шат­та­на –

Шошы­нып…

…Мен де –

Жыла­дым:

Баянға –

Қосы­лып!

 

Баян –

Жыла­ды:

Шықтанған –

Гүл-Шыбық…

Мен де –

Жыла­дым:

Күңірене –

Күр­сініп!

 

Баян –

Жыла­ды:

«Тілі­нен» –

Түңіліп!

Мен де –

Жыла­дым:

«Табиға­ты­на» –

Үңіліп!

 

Баян –

Жыла­ды:

«Кәли­ме» –

Балы­қтай!

Мен де –

Жыла­дым:

«Көр­де­гі» –

Жары­қтай!

 

Ол да –

Жыла­ды…

Мен де –

Жыла­дым…

…Енді,

Қай­те­міз,

Қалай –

Қыла­мын?!

 

Ару­дың –

Көз-Жасы:

«Зәм-Зәм» –

Суын­дай!

Ақын­ның –

Көз-Жасы:

«Әб-Жылан» –

Уын­дай!

3.10.2015

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн