Воскресенье , 6 июля 2025

Алматыда нан зауытының ЖҰМЫСШЫЛАРЫ  наразылық танытты

Ере­уіл­де­ген ел бар

 

Алма­ты­да «Mercur Нан» кәсі­пор­ны­ның ондаған жұмыс­шы­сы өздерін жұмыстан шыға­рып жібер­геніне нара­зы­лық таныт­ты. Түрк­сіб ауда­нын­да орна­ласқан кәсі­по­рын­да, нан таси­тын көлік жүр­гі­зу­шілерінің айтуын­ша, жұмыс істей­тін 180-нен астам жұмыс­шы­ны бас­шы­лық жұмыстан ескер­тус­із босатқан.

– Бүгін таңер­тең тап­сы­рыс бер­ген орын­дарға нан жет­кізіп, қай­тып кәсі­по­ры­нға кел­гені­міз­де, бас­шы­лық көлік­тері­мізді өткізіп алып, жұмыстан боса­ды­ң­дар деді. Алдын ала ескерт­кен­де, басқа жұмыс іздей­тін едік, – деді «Азатты­ққа» Қай­рат есім­ді жүргізуші.

Кәсі­по­рын бас­шы­сы Назгүл Жұмағұ­ло­ва­ның «Азатты­ққа» айтуын­ша, кәсі­по­рын нан баға­сы арзан болуы­нан және мем­ле­кет­тен жеңіл­дік ала алмай оты­рған­ды­қтан, банк­ро­тқа ұшы­рай­ын деп тұр. Оның сөзін­ше, кәсі­по­рын қазір жұмыс­шы­ларға 20 мил­ли­он тең­ге қарыз және жұмыс­шы­ларға тиесілі ақша­сын қазан айы­ның соңы­на дей­ін төлеп бермек.

– Был­тыр­дан бері Түрк­сіб аудан­дық әкім­ді­гі мен қала­лық әкім­дік­ке нан баға­сын қым­бат­та­ту­ды, суб­си­дия бөлуді сұрап бір­не­ше рет өтініш айт­тық. Бірақ ол өтіні­ш­тері­міз ескеріл­меді. Әкім­дік нан баға­сын 1–2 тең­ге­ге ғана қым­бат­та­туға рұқ­сат бер­ді. Баға­ны көтер­сек, наны­мыз өтпей қала­ды, көтер­ме­сек – шығы­ны­мыз жабыл­май­ды, – дей­ді Жұмағұлова.

Бірақ жұмыс­шы­лар бас­шы­лы­қтың «кәсі­по­рын­ның қары­зы көп, банк­рот болай­ын деп тұр» деген уәжіне сенбейді.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн