Понедельник , 7 июля 2025

Путин патша туралы ҚЫЖЫРТПАЛАР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №35 (306) от 15 октяб­ря 2015 г.

 

 

– Сен Путин­нің жол­да­у­ла­ры­на, жос­пар­ла­ры­на сенесің бе?

– Әрине.

– Ал оның жос­пар­ла­ры дегені­міз не?

– Ол… енді… баяғы сөз­дері… әлгі… ол баяғы­дан бер­гі Путин ғой.

 

***

– Путин­ге Нобель сый­лы­ғы керек пе?

– О, керек болған­да қан­дай! Оған физи­ка сала­сын­дағы­сын беру керек, ол Ресей­ді кері өзгеріс заңы­мен басқа­рып отыр.

 

***

Путин: Біз келесі жылы байимыз!

Халық: Қуа­ны­шы­ңа ортақпыз.

 

***

«Халы­қтың сені­мі жоғал­ды. Тауып алған­дар Крем­ль­ге алып кел­сін, сый­лық беріледі».

 

***

Путин көріп­кел­ге: Мен өле-өлген­ше пре­зи­дент бол­сам дей­мін, ол мүм­кін бе, не істе­уім керек?

Көріп­кел: Өзің алды-арты­ңа жинап алған жағым­паз­да­ры­ң­ның ұйым­шыл­ды­ғын күшей­те бер!

 

***

Путин­нің халы­ққа бер­ген уәде­лері 33 том болып­ты, ол соны­сын Хри­сто­стың ғиба­датха­на­сы­на қою­ды ойла­сты­рып жүр.

 

***

– Прас­ко­вья, Путин Укра­и­на­ны мүл­дем басып алмақ­шы екен.

– Өсек тасымасаңшы.

– Қай­дағы өсек?! Укра­и­на­ның пре­зи­ден­ті Яну­ко­вич өзі тіленіп барып, №1 тұтқын болып­ты ғой?!

 

***

Путин­ге сұрақ:

– Укра­и­на мен Қырым қай­та­дан қосы­ла ала ма?

– Әрине. Ол үшін Укра­и­на Қырым­ның қол асты­на өтіп, авто­но­ми­я­лы рес­пуб­ли­ка болуы және Қады­ро­вты пре­зи­ден­ті етіп сай­лап алуы керек.

 

***

Путин: Өте сабыр­лы, сал­мақты, жуас екен. Айтқа­ны­ң­ды ұғып-ақ отыр, бірақ сөй­лей алмай­ды, қайтсін-ай!..

– Вла­ди­мир Вла­ди­ми­ро­вич, андағы Ана­то­лий Дмит­ри­е­вич Мед­ве­дев қой, коала аю оның ту сыр­тын­да отыр.

 

***

– Вла­ди­мир Вла­ди­ми­ро­вич, штат қысқар­туға қар­сы­лық бола бастады.

– Әр ұжым­ның жар­ты­сын алды-арт­та­ры­на қарат­пай, қысқар­та салы­ң­дар, сон­да қалған жар­ты­сы жым болады!

***

– Вла­ди­мир Вла­ди­ми­ро­вич, сіз неге өтірік айта саласыз?

– Мен ешқа­шан өтірік айтқан емес­пін, тек шын­ды­қты керек етпеймін.

 

***

– Оба­ма мыр­за, ең сөзқұ­мар, соғы­сқұ­мар елде пре­зи­дент болу қиын ба, жоқ па, білесіз бе?

– Оны Путин­нен сұраңыз.

 

***

Түр­ме­де оты­рған­дар­дың сөздерінен:

– Сені не үшін соттады?

– «Біздің пре­зи­дент­тің ақы­лы шама­лы» деп қалға­ным үшін.

– Сол үшін ғана ма?

– Иә. «Мем­ле­кет­тік құпи­я­ны» жария еттің, – деді.

 

Ресей­дің интернет-сайттарынан

таң­дап алып, тақы­рып қой­ып ұсынған –

Ғаб­бас ҚАБЫШҰЛЫ

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн